Стиль құпиясы: Талғам қалыптастыруға арналған 5 кеңес

Стиль құпиясы: Талғам қалыптастыруға арналған 5 кеңес

Құрбыларыңыз, онлайн-кеңесшілер немесе кәсіби стилистер көмегінсіз-ақ сәнді киіну үшін сізге қырағылық қажет. Бұл мақалада сол арқылы қалай талғам қалыптастыруға болатынын айтамыз.

Сән блогтары мен журналдарда сәнді ұғу үшін «көре білу, қырағылық» маңызды деген идея жиі кездеседі. Бұл жерде «көру» дегеніміз ненің стильді, үйлесімді және өзекті және ненің талғамсыз екенін тануға қабілетті, әбден қалыптасқан өзіндік көзқарас. Бұл туа біткен дағды немесе сирек кездесетін дарын емес, ол дамытуға болатын (және өте керек!) дағды.

Жазылым (подписка) тізімін мұқият жасаңыз

Қандай блогерлер мен атақты адамдардың сұлулықты сезу қабілеті сізге жақын екенін анықтаңыз. Кімге ұқсағыңыз келеді? Кімнің бейнелері көз тартады? Жеке блогтарда немесе Instagram аккаунттарында болсын өзіңізге жеке стильді жазылымдар арнасын жасаңыз және оны шабыт көзі ретінде қарастырыңыз.

Бұқаралық ақпарат құралдарымен достасыңыз

Сіз журналдарды парақтағанды ​​ұнатасыз ба немесе ноутбук немесе ұялы телефон экранын сырғыта отырып сәнді суреттер қарайсыз ба, ол маңызды емес. Бастысы үнемі сізді «шақырып», оқуға қызықтырып тұратын медиа табу керек. Осылайша сіз трендтер, ұтымды комбинациялар туралы өзекті ақпар алатыныңызға сенімді боласыз және уақыт өте келе сіз өзіңіз үшін не актуал екенін түсінесіз және ескеретін боласыз. 

Сән апталықтарын шолу

Кез келген сән апталығы - бұл жоғары деңгейдегі шара, өйткені ол бүкіл маусымның векторын анықтайды. Ең танымал сән үйлерінің ең болмағанда бірнеше соңғы шоуларын көруге тырысыңыз, сізге не ұнағанын және ненің қызықтыратынына назар аударыңыз. Айтпақшы, сән апталығындағы көше стиліндегі хроникаларға ерекше назар аудару керек, өйткені қонақтар оған өте мұқият дайындалады.

Көргеніңізді саралап үйреніңіз

Тек фотосуреттерге қарап, жаңалықтар лентасын оқып қана қою жеткіліксіз. Сіз аналитикалық ойлауды және детальдарға назар аударуды үйренуіңіз керек. Өзіңізге ұнайтын кескінді қарап шығыңыз, онымен сізді не «байланыстыратынын», оны қандай ерекшелігі стильді ететінін, образды қалай толықтыратыны туралы ойланыңыз. Бастапқыда сәтті бейнелерді қайталап көруге болады, бірақ уақыт өте келе өзіңіз-ақ стилистей сәнді комбинация құра бастайсыз.

Талғамды жан-жақты дамыту

Сіз трендтер мен брендтерді шебер талдай алсаңыз да бұл білімді тәжірибе жүзінде сәтті пайдалана алмауыңыз мүмкін. Өйткені бұл үшін көптеген факторларды ескеру маңызды. Талғам жүйелі түрде қалыптасады - тыңдайтын музыкадан, сіз көрген фильмдерден, шаралар мен сіз баратын жерлерден. Сондықтан сіз жасаған әрбір таңдау сіздің арманыңыздағы мінсіз бейнеге қалай жақындататынын ойлаңыз. Өйткені, бәрі өз қолыңда.

А. Оралқызы