Сән үйлері Жаңа Жылмен құттықтайды

Сән үйлері Жаңа Жылмен құттықтайды

Танымал сән үйлері Жаңа Жылға арналған бейнебаяндар түсіріп, баршаны мерекемен құттықтауда. 

Christian Dior сән үйі Жаңа Жыл құттықтауын анимацияланған ертегі ретінде жасады. Париждегі зәулім Dior ғимаратының қасындағы ғажайып көгершіндер, қанатты аттар, көңілді халық мерекелік көңіл күй сыйлайды. 

Әйгілі Dolce&Gabbana сән үйі Жаңа Жылға құттықтау бейнебаянын түсіруді дәстүрге айналдырды. Доменико Дольче мен Стефано Габбана дизайнерлер жұбы өзінің қатысуымен құттықтау мультфильмдерін шығаруды жалғастырып, осы жолы күлкілі бейнебаян ұсынды.

Француз сауда үйі Chanel құттықтау ретінде абстракты бейнебаян ұсынды. Басты кейіпкер - әйгілі алтын түсті Chanel No.5 әтірі.

Біз де сауда үйлерінің құттықтауларына қосыламыз.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет пен бейнебаян: youtube.com

С. А