Көйлекпен киюге болатын ыңғайлы 3 аяқ киім түрі

Көйлекпен киюге болатын ыңғайлы 3 аяқ киім түрі
Фото: pinterest.ru

Әлі де көйлектерді тек өкшесі биік туфлилермен кию керек деп санасаңыз, қателесесіз. Дұрыс үлгідегі ыңғайлы аяқ киім таңдасаңыз, оны көйлектермен әдемі үйлестіре аласыз. Жазға арналған ыңғайлы 3 аяқ киім түрін ұсынамыз.

Кроссовка

Бұрын көйлекті кроссовкамен кию біртүрлі көрінетін, алайда соңғы жылдары бұл үйлесім көпшіліктің көңілінен шығып, классикаға айналуға қалды. Көйлектің көпшілігімен ақ кроссовкалар мен ақ кедылар үйлесе кетеді. Сондай-ақ киім үлгісін құрастыру кезінде қарама-қарсы стильдерді қолдануға болады. Мысалы: қысқа көйлек пен дөрекі кроссовка.

Сандал

Көйлек + сандал аяқ киімі — жазда әдемі көрінетін богемалық үйлесім. Әсіресе, осы жазда сандалдардың «гладиатор» түрлері трендте болады. Оның аяққа байлайтын нәзік баулары көйлектермен жараса кетеді. Бұл үйлесімді стильді ету үшін оған тоқылған сөмке мен күннен қорғайтын көлемді көзілдірік қосыңыз!

Мюли

Жазға арналған тағы бір сәнді аяқ киім — мюли. Оның жай табанды және аздап тақасы бар түрлері де бар. Әсіресе, басы ашық немесе басы үшкірлеу мюли аяқ киімі өте әдемі көрінеді. Сондай-ақ олар визуалды түрде аяқты ұзартып көрсетеді.

А. Жапатова