Қыста қандай аяқ киімдер сәнде болады?

Қыста қандай аяқ киімдер сәнде болады?

Қысқы аяқ киім аязды күндері маңызды рөлді, яғни аяқты жылы ұстап тұру қызметін атқарады. Оның басты міндеті аяқты тоңдырмау болса да, көпшілік әйел адамдар сонымен қатар оның әдемі болғанын қалайды. Ендеше, қыста аяққа жылулық сыйлайтын және стильді көрінетін аяқ киім түрлерін ұсынамыз.

Резеңке етіктер
Резеңке етіктер — күзге де қысқа да сай келетін аяқ киім. Аязды күндері мұндай аяқ киімді жылы тоқыма шұлықпен кисе болады. Оның қалың резеңке табаны су өткізбейді және ластықтан қорғайды. Ал оның ұзын қонышы гардероб үшін әмбебап шешім болып келеді: оны белдемше, көйлек және шалбармен киюге болады. Былтыр мұндай аяқ киімді Prada ұсынған болатын, ал биыл оны барлық брендтен немесе масс-маркеттен кездестіруге болады.

Дөрекі бәтеңкелер
Дөрекі бәтеңке — әйел гардеробына арналған керемет сыйлық. Бұл аяқ киім түрі дөрекі көрінсе де, сәнқой қыздар оны түрлі стильде, соның ішінде нәзік көйлектермен де, шалбарлы костюмдермен де үйлестіруге болатынын көрсетіп жүр. Қысқы аяқ киім ретінде дөрекі бәтеңке алу — жақсы шешім. Мұндай аяқ киім аларда оның мұзға сырғанамайтын қалың әрі бұдырланған табаны болуына және сапалы терісіне мән беріңіз.

Унты
Жаңа мерзімде мұндай аяқ киімдер тағы да трендте болады. Егер минимализм стилін ұнатсаңыз, қарапайым қара үрленген түріне мән беріңіз. Ал егер киім үлгісіне зейін беру мақсатында ерекше аяқ киім алғыңыз келсе, дизайнерлер түрлі-түсті унтылар ұсынып отыр. Мұндай аяқ киім алуды шешсеңіз, міндетті түрде аяқ денсаулығына зияны тимес үшін оның сапалы түрін қараңыз.

Хайкер бәтеңкелері
Хайкер бәтеңкесі — кез келген қысқы мерзімге арналған әмбебап аяқ киім. Оның дизайны дөрекі бәтеңкелерге ұқсайды, сондықтан оларды да күнделікті киім үлгісіне оңай үйлестіре аласыз. Хайкер бәтеңкесінің қатты материалы мен резеңке табаны оны қала өміріне де, қала сыртына шығуға да киюге мүмкіндік береді.