Маусымның сәнді 3 сериалы

Маусымның сәнді 3 сериалы
Фото: kinopoisk.ru

Күзде бірнеше сериал жарыққа шықты және олар көрермен жүрегінен орын ала білді. Сән әлеміне қызығатын жандар үшін сериалдағы кейіпкерлер образы маңызды рөл атқарады. Өйткені, образдар арқылы түрлі жылдардың трендтері мен сәнді брендтермен танысуға болады.

"Патшайым жүрісі"/ "Ход королевы"

Небәрі 7 бөлімнен тұратын The Queen’s Gambit сериалы данышпан шахматшы туралы жазылған Уолтер Тевистің романы негізінде түсірілген. Бет Хармон анасының қазасынан кейін балалар үйіне тап болады. Сол жерде алғаш рет ол шахматпен танысып, үйренеді. Әрине, сериал желісі бойынша оқиға өзіне еліктіріп қана қоймай, көрермен назарын соңына дейін ұстап отырады.

Дегенмен, сериалды оқиғадан мен актрисаның сыртқы бейнесінен бөлек, стилі ерекше көзге түседі. Сериалдағы көйлектер, жүзу киімі, жейделердің барлығында шахмат элементі міндетті түрде кездеседі. Бас кейіпкердің гардеробынан Андре Курреж пен Пьер Карденнің заттарын кездестіруге болады. Беттің өміріндегі ең қиын сәтті көрсету үшін костюмерлер тобы Твигги мен Эди Седжвиктің образын алған. Бас кейіпкер көзін қара қанық түспен бояп, көзілдірік тағып, кең кардиган мен қысқа көйлектер киеді.

"Өткенге оралу" / "Отыграть назад"

HBO арнасы шығарған жаңа сериалдағы бас кейіпкерлерді Николь Кидман мен Хью Грант  сомдайды. Бұл есімдердің өзі сериалдың қаншалықты қызықты екенінен хабар беретіндей. Грант бақытты балалар онкологын, Кидман — атақты психотерапевті сомдайды.

Бақытты отбасылық жұптың шырқы таныстарын өлі күйінде тапқан кезде өзгереді. Сериалдағы костюмдерді Синье Сейлунд таңдаған. Алғашқы бөлімнен-ақ Грейсті Givenchy брендінің көлейгімен көрсеміз. Одан бөлек,  Max Mara,  Etro секілді брендтерді байқауға болады. 

"Эмили Парижде" / "Эмили в Париже" 

Америкалық Эмили Парижден жұмысқа ұсыныс түсіп, Еуропаға аттанады. Француз тілін білмейді, сүйіктісі Чикагода қалады, ал Парижде достары жоқ, жаңа әріптестері де оған сенімсіздікпен қарайды. Соған қарамастан Эмилидің үміті сөнер емес.

Кейіпкердің гардеробымен атақты Патриция Филд («Дьявол носит Prada», «Секс в большом городе») жұмыс істеген. Ашық түсті көйлектер, түрлі Chanel сөмкелерді, береттер, салпыншақ әшекейлер, Эйфель мұнарасы бейнеленген топ француз және америка ділінің айырмашылығын көрсету үшін жасалған.

Т. Есқали