2013 жылдың басты түсі анықталды

2013 жылдың басты түсі анықталды

Жыл сайынғы біркелкі дизайн жасайтын Pantone компаниясы келер жылғы сәнге айналатын түсті анықтады. Енді барша дизайнерлер 2013  жылы көк-жасыл түсті өздерінің туындыларында пайдаланатын болады.

Әр жылдың желтоқсан айында Pantone компаниясы алдағы жылға түстерді анықтап келеді. 

«Көк-жасыл түс табиғатта көптеп кездеседі. Барлық өзге түстерге қарағанда адамның көзі тап осы көк-жасыл түсті бірінші болып шалады. Сондықтан да біз 2013 жылдың басты түсі ретінде көк-жасылды таңдадық», - дейді Pantone  компаниясының атқарушы директоры Леатрис Айзман.

Айта кетейік, енді келер жылдан бастап Chanel, Roberto Cavalli, Jonathan Sanders және Kenzo сынды брендке айналған компаниялар киімдерін көк-жасыл түспен шығармақ. 

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: fashiontime.ru

Л. Лига