Америкалық ерлер жейде ішінен неге футболка киеді?

Америкада ерлердің көбі жейде ішінен футболка киіп жүреді. Мұны Голливуд фильмдерін қарап отырып талай байқаған да боларсыз. Бәлкім, жолыңыз түсіп барғанда көргенде шығарсыз. Оларда бұлай киіну үлгісі қайдан шыққан?

Бізде көбіне жейде ішінен мәйкі киеді. Америкалық ерлерге еліктеп, болмаса сән үлгісі ретінде мәйкі орнына футболка киетіндер де жоқ емес.

Мұндай киім үлгісі жайлы интернетте деректер көп-ақ. Соның бірі – кеуде тұсын жауып тұру үшін болса, екіншісі – көйлектің теріге жағымсыз әсері. Біріншісі ақылға қонымсыздау. Себебі ерлердің көкірек тұсы ашықтау болуы аса қатты әбес дүние емес. Ал көйлектердің көбі синтетикалық материалдан жасалатын болғандықтан, ішінен таза матадан тігілген киім кию ақылға сыйыңқырайды. Дегенмен бұлай киіну әскери тәртіптен басталған деседі.

АҚШ әскерінде дәл осылай киіну үлгісі бар. Көпшілігі қызмет кезінде осылай киініп жүреді. Бұл содан қалған дағды екен. Оны көрген өзгелер де осылай киіп жүргенді ыңғайлы санап кеткен. Көбіне жейде ішінен ақ түсті футболка киеді.