Бет терісінің күтімі

Бет терісінің түр-түрі кездеседі. Соған сәйкес косметикалық иісмайлар таңдалады. Алдымен өзіңіздің теріңіздің түрін анықтау үшін төмендегі нұсқаулыққа назар аударыңыз.

1. Таңертең жеңіл тазалағыш құралмен бетіңізді жуыңыз.⠀
2. Таза бет орамалмен бетіңізді сүртіп әрі косметика жақпаңыз.⠀
3. 2 сағат өткеннен кейін бетіңізге жұқа қағаз майлықты қойыңыз.
4. Алақаныңызбен маңдай, мұрын, иек және бет аймағын басыңыз. 

Нәтижесіне назар аударыңыз:
– құрғақ бет терісі: майлықта майлы іздердің болмауы
– қалыпты бет терісі: маңдай, мұрын және иек аймағында май іздері білінер-білінбес күйінде қалады.
– аралас бет терісі: маңдай, мұрын, иек аймағында май іздері анық байқалады. 
– майлы бет терісі: май іздері маңдай, мұрын, иек пен бет аймағында көрінеді.

Құрғақ бет терісінің күтімі:
Бет терісі құрғақ болған сайын, оған әжімнің ерте түсетіні белгілі. Құрғақ бет терісі жиі күтімді қажет етеді. Өйткені, оның құрғауына беттің гидролипидті аймағы бұзылуы себеп. 

1. Тазалау жұмыстары жеңіл болуы керек. Арнайы косметикалық сүт, құрамында ылғалдырғыш заттар бар көпіргіш зат керек болады. 
2. Иісмайлардың құрамында керамидтер мен липидті қалпына келтіретін заттар болуын қадағалаңыз. Олар беттің терісіне сіңіп, оны ылғалдандырады. 
3. Құрғақ бет терісі ерте қартаятындықтан белсенді түрде антиоксиданттар жиынтығын қолданғаныңыз абзал. 

Қалыпты бет терісі:
Бұл бет терісі ең мінсіз бет терісі саналады. Дегенмен, ерте әжімнің түсуінен қорғануға тура келеді.

1. Сілтілі жуынуға арналған гельдерге қарағанда, жұмсақ көпірткіштерді пайдаланған абзал. 
2. Су тепе-теңдігін ұстау үшін, анда-санда ылғалдандырғыш косметиканы қолданыңыз. Құрамында спиті бар немесе сазды маскалардан бас тартыңыз.

Майлы бет терісі:
Майлы бет терісі беттің ылғалын жақсы сақтайды әрі біраз уақыт бойына терінің ерте қартаюына жол бермейді.  

1. Сабын және сілтілік косметика жағдайды одан әрі ушықтырып жібереді. Олар гидролипидті аймақты бұзады. Тері оны қайта қалпына келтіру үшін одан көп сұйықтық бөледі.  Терінің қалпын сақтау үшін аз көпіретін гель қолданған дұрыс. 
3. Құрамында спирт бар косметикадан бас тартыңыз. Майлы терінің "құрғату" керек деген түсінік – қате. Оның орнына ылғалдандырғыш косметика құралын қолданыңыз.