Көктем-жаз мерзімінде қандай белдемшелер сәнде болады?

Көктем-жаз мерзімінде қандай белдемшелер сәнде болады?
Фото: pinterest.com

Қыздардың барлығына, сөзсіз, белдемше мен көйлек киіп жүрген жарасады. Себебі бұл киімдер әйелдің нәзіктігін айқындайды. Назарларыңызға 2020 жылдың көктем-жаз мерзімінде сәнде болатын белдемше түрлерін ұсынамыз.

1. Былғары

Биыл былғары киімдер сәнде. Дене пішініңіздің ерекшелігіне қарай былғары белдемшенің қысқа не миди ұзындықтағы түрін таңдаңыз. Былғары белдемшені қарапайым футболкамен кию арқылы күнделікті киім үлгісін, әдемі жейде немесе топпен киіп, кешкі киім үлгісін немесе пиджакпен үйлестіру арқылы кеңсе киім үлгісін жасауға болады.

2. Деним

Деним – сәннен кетпейтін материалдың бірі. Деним белдемшенің қаусырмалы және алдында ілгектері бар түріне мән беріңіз. Джинс белдемшені кез келген киіммен үйлестіруге болады немесе одан total look жасау ұсынылады.

3. Гүлді принт

Ең көктемгі принт – гүлдер – дәстүр бойынша көктем-жаз мерзімінде трендте болады. Гүлді белдемшелермен түрлі киім үлгілерін жасауға болады. Оның гүлдері ұсақ және нәзік түсті түрін алыңыз.

4. Атлас

Кездесуге тізеден түсіп тұратын атлас белдемше таңдаңыз. Дизайнерлер жазда оның жұмсақ реңкті түрлерін ұсынады: сарғыш, алқызыл, көгілдір. Оны осы белдемше сияқты нәзік материалды киіммен және туфлимен үйлестіруге болады. Сондай-ақ оны оған қарама-қарсы материалдан тігілген киіммен, мысалы, жемпірмен үйлестіріп, аяғыңызға дөрекі аяқ киім киюге болады. 

5. Бұршақ

Бұршақ базалық принтке айналып барады. Көктем-жаз мерзімінде бұршақ принті бар белдемшелер сәнде болады.

А. Жапатова