Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Сән / Көктемде шарфты әдемі етіп тағудың 7 әдісі

Көктемде шарфты әдемі етіп тағудың 7 әдісі

Көктемде шарфты әдемі етіп тағудың 7 әдісі

Көктем келсе, шарфпен мойнымызды жылы ұстап қана қоймай, оның әдемі көрінгенін де қалаймыз. Шарфты байлаудың түрлі әдістері бар. Солардың кейбіреуін осы көктемде қайталап тағып көріңіз.

Шарфты түйіншек етіп байлау. Әдемі жібек орамалды мойныңызға орап, түйіншек етіп байлаңыз немесе бант жасаңыз. Орамалдың шағын әрі ашық түсті түрін таңдаңыз. Оның екі ұшы бірдей ұзындықта болатындай етіп мойынға орап, екі рет түйіншектеуге болады.

Шарфты босатып тағу. Күн жылы болса, шарфты мойынға орамай-ақ, қосымша аксессуар ретінде босатып тағуға болады. Оған үлкен жібек орамал келеді.

Көлемді түйіншек жасау. Мұндай көлемді түйіншек жасау үшін шарф та жалпақ әрі қалың болуы керек. Көлемді шарфты мойынға бірнеше рет орап, соңынан бос етіп бір рет түйіншектеңіз. Көктемнің алдамшы ауа райында үстіңіз жұқа болса да, мойныңыз жылы оралып тұрса, тоңбайсыз.

Көлемді шарфты мойынға бос етіп орау. Егер кездесуге асығып бара жатсаңыз, көлемді шарфты алдыңғы әдістегідей орап, бірақ байламай-ақ қойыңыз. Мұндай әдіс те стильді көрінеді.

Ковбой стилінде тағу. Жылы ауа райында әдемі орамалды ковбой стилінде тағуға болады. Ол үшін орамалдың үшбұрышты жағын алдына қаратып, екі ұшын артына байлап қойыңыз.

Чокер ретінде тағу. Бірінші әдістегідей шарфты мойынға түйіншектеп байлайсыз. Бірақ ондағыдай бос етіп орамайсыз, кішкентай жібек орамалды мойынға жабыстырып бірнеше рет орайсыз. Содан соң түйіншектеп байлап, байланған жерін жанға ысырып немесе астына жасырып қоюға болады.

Шарфты белдікпен үйлестіру. Егер шарфты аксессуар ретінде пайдаланғыңыз келсе, оны алдымен мойынға жай іліп тағыңыз. Содан соң сыртқы киімнің және шарфтың сыртынан жіңішке белдік тағып алыңыз.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ақтоты Жапатова
Фото: pinterest.com
Қосылған күні: 11 наурыз, 12:36

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.