Коронавирус сән индустриясына қалай әсер етті?

Коронавирус сән индустриясына қалай әсер етті?
Фото: pinterest.com

Қытайдың көптеген дизайнері, редакторы, модельі, атақтысы мен беделдісі 2020 жылдың күз мерзіміне арналған сән апталығына келе алмайды. Себебі, АҚШ, Ұлыбритания, Италия және Францияда коронавирусқа байланысты шектеулер қойылған.

Angel Chen мен Ricostru сияқты азиялық брендтердің Миланда өтетін көрсетілімдері өтпейтін болды. Ал Лондондағы Asai, Париждегі Uma Wang мен Shiatzy Chen шоуды өткізу не өткізбеу туралы шешімді әлі қабылдаған жоқ. Себебі олардың қытай фабрикалары жұмыстарын 10 ақпанға дейін ресми түрде тоқтатты. Оған қоса, тұтынушылар мен медиа-серіктестер де жаңа топтаманы көре алмайды.

Ума Ван Шанхайдан Парижге ұшақпен жете алса және осындай қиын кезде оның Еуропадағы командасы оған қолдау көрсетсе, сән көрсетілімін өткізетінін айтты.

Лондондық сән апталығын Yuhan Wang қытай бренді бастайтыны белгілі. Себебі дизайнер Ұлыбритания астанасына алдын ала ұшып келген болатын.

Қытайдан басқа елдер короновирусқа қарсы қандай шара қолданып жатыр?

А. Жапатова