Пелерина деген не?

Пелерина деген не?

Сонау 1841 жылы балет сахнасында алғаш көпшіліктің назарына ұсынылған гардероб бұйымы сол сәтте-ақ танымалдыққа ие бола бастады. Қысқа жамылғы әр сәнқой арудың арманына айналды. Уақыт өте пелерина мектеп формасы болып, күнделікті өмірде де қолданыла бастады.

Қазірде пелерина - қысқа, жағасы не капюшоны бар, жеңі жоқ иық жамылғысы. Көп жағдайда қалың маталардан тігіледі. 

Салтанатты көрінетін бұл гардероб бұйымын бүгінде дизайнерлер күнделікті өмірге қайтармақшы. Жазда жібек пен шілтерден жұқа түрлері, қыста қалың тон, ішектен тігілгендері актуалды. Кеудеге байланатын, түймеленетін, бастан киілетін түрлері де бар. 

Қазірде пелерина ресми, салтанатты кештерге ғана киетін бұйым емес, қарапайым джинсы шалбарымен де жарасатын күртешеге айналды. Сондай-ақ оны сырт киімнің, пальтоның үстінен де кисе болады, тек үйлесетін түрін тапсаңыз болғаны. Түсін де көңіліңізге қарай таңдасаңыз болады.

Бұл бұйым бір сәтте бейнеңізді салтанатты қылып, көпшіліктен ерекшелейді.

Дайындаған: Сания Аринова

Суреттер: lady.mail.ru

С. А