"Мұхит жүрегі" алқасы туралы не білеміз?

"Мұхит жүрегі" алқасы туралы не білеміз?
Фото: kulturologia.ru

"Титаник" фильмінде көзге түсетін әшекейдің бірі – Розаның (Кейт Уинслет) мойнындағы жүрек түріндегі көк бриллианты бар алқа. Фильм бойынша, бұл тас Людовик XVI ханзадаға жатқан және француз рефолюциясынан соң жүрек пішініне келтірілген. Ал өмірде оны Asprey & Garrad зергерлік компаниясы көк танзаниттен және жан-жағына цирконий мен ақ алтын қою арқылы жасаған. Оның бағасы шамамен 2000 долларға бағаланған.

Бірақ фильм үлкен жетістікке жеткендіктен шын бағалы тастардан "мұхит жүрегін" дайындауға тапсырыс түседі. Ол салмағы 171 қарат жақұттан жүрек ретінде жасалды және 103 бриллиантпен қоршалды. Бұл алқаны Селион Дион 1988 жылы Оскар жүлдесінің марапаттау рәсіміне киіп шықты. Бірақ бұл "Титаник" фильмі шыққаннан кейінгі пайда болған жалғыз реплика емес еді. Фильмде Розаның қартайған кезін ойнаған актриса Глория Стюарт "Оскарда" 20 миллион долларға бағаланатын 15-қараттық көк бриллианты бар ұқсас алқамен көрінді.

Фильмдегі алқаның прототипі салмағы 67,125 қарат және бағасы 250 миллион доллар тұратын "Хоуп алмазы" деп саналады. Ол Францияның Людовик XIV короліне сыйланған. Бұл алқа ең алғашқы иесі қайтыс болған соң ұзақ жол жүреді: Мария-Антуанеттаның және әулетті басқарғандардың қолдарында болып, француз революиясы кезінде ұрланып кетеді. Тек 30 жыл өткен соң британдық Генри Филипп Хоуп меншігінде пайда болады: алқа осы кезде көпшілікке танымал атауын алады. Алқа ұзақ уақыт бойы Хоуптар отбасысына мұра ретінде беріліп отырды. Ол зергер Пьер Картьенің және америкалық ақсүйек әйел Эвелин Уолш-Маклиннің қолында да болып үлгерді. Соңында "Хоуп алмазы" зергер Гарри Уинстонға сатылды. Ал ол бағалы алқаны Смитсонов институтына (Smithsonian Institution) сыйлады. Алқа әлі күнге дейін сол жерде сақтаулы тұр. Бұл көгілдір гауһармен байланысты қарғыс бар деген аңыздар көп.

А. Жапатова