Сынды қалай қабылдау керек?

Сынды қалай қабылдау керек?

Қанша жерден орынды айтылса да, сынды көп адам қабылдай білмейді. Әлеуметтік желі мен келекенің (троллинг) күшеюі жағдайды одан әрі ушықтырып жібергендей. "Сынға қалдым" деп ақталатын беделді адамдардың қатары да артты. Сынды қалай қабылдау керек және онымен күресу үшін не істеу керек? Бұл сұрақтарға massaget.kz жауап береді.

#1. Сыншының нені меңзегенін түсінудің ең қарапайым тәсілі — оның өзіне тікелей сұрақтар қою.
• Не себепті ұнамайды?
• Неге бұл әрекетім дұрыс болмады?
• Сені ренжітетіндей не айттым?
• Неге ондай пікір қалдырдың?
Осылайша оның бұлай айту себебін түсінетін боласыз. Көбіне айтылған пікір мен сын астында дәлі қазіргі сәтпен байланысы жоқ, өткен күндердің өкпе-назы жатады. Бұл кеңесті қарым-қатынасты реттеудің де тиімді тәсіл ретінде қарастырғаныңыз жөн.

#2. Барлық эмоцияны тұншықтыра отырып, сәл ойланыңыз — мүмкін, сізге айтылған сында шындық бар шығар? Адам үшін өз әрекетінің дұрыс емесін, бағытының бұрыс екенін ұғу бәрінен қиыны. Бірақ, мәселені шешу үшін ең маңызды қадам — ой желегінен өткізу. 

#3. Келісе қоймасаңыз да, өзгенің пікірің қабылдауды үйреніңіз. Барлық сынмен күресудің ең тиімді әрі қиын жолы.

#4. Шындықты айтудан және белгілі бір шек қоюдан жасқанбаңыз. Егер сізге сын ұнамаса айтыңыз. Өзіңіздң шынайы эмоцияларыңызбен бөлісіңіз.

#5. Сынның орынды екенін ұқсаңыз, онда міндетті түрде рақмет айтыңыз. Өйткені, сын — мінсіздекке бастайтын жол.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

"Абай жолының" қысқаша мазмұны. I том, "Қияда"
"Абай жолының" қысқаша мазмұны. I том, "Қияда"
Тасбақалар қалайша өзен санитары болып жүр?
Тасбақалар қалайша өзен санитары болып жүр?
Эксперимент: Уикипедияда шағын қалалар туралы жаңа ақпарат туризмге ықпал еткен
Эксперимент: Уикипедияда шағын қалалар туралы жаңа ақпарат туризмге ықпал еткен
Әлем халықтарының ұлттық музыкасы жиналған сайт
Әлем халықтарының ұлттық музыкасы жиналған сайт
Тест: Ағылшынша сленгті қаншалықты жақсы білесіз?
Тест: Ағылшынша сленгті қаншалықты жақсы білесіз?
Артем Резников азулы ресейлік файтерді жеңді
Артем Резников азулы ресейлік файтерді жеңді