Кеңсеге арналған жазғы костюмдер

Кеңсеге арналған жазғы костюмдер
Фото: pinterest.com, net-a-porter.com

Көптеген компаниялар қызметкерлерге іскерлік костюм киюді талап етеді. Егер іскерлік костюмге қатаң ереже қойылмаса, ыстық күні киюге болатын жазғы костюм түрлерін ұсынамыз.

Зығыр костюм
Зығыр – нағыз жаз мезгіліне арналған мата. Алайда, осы уақытқа дейін оны кеңсе киіміне арналған материал ретінде қарастырмады. Ал биылғы жазда зығыр матасы – тек ыстықтан қорғайтын материал емес, сонымен қатар сәнді трендтің бірі. Сондықтан жаздың ыстық күніне кеңсеге киюге ойланбастан зығыр костюм алуға болады.

Шалбары қысқа балақты костюм
Сәнге бір оралып, бір жоғалып жүрген тенденцияның бірі – бос тұратын бермуд-қысқа балақты шалбар. Барлық сәнқой блогерлер қазір трендке айналған велосипедкамен пиджакты киіп тастады. Велосипедканы дұрыс кие білмесеңіз, біртүрлі көрінуі мүмкін. Сондықтан велосипедканың орнына бермудтарға мән беріңіз. Бермуд түсіне сәйкес пиджак таңдаңыз. Оны жұмысқа да, басқа да кештерге киюге болады. Ал қыста сол пиджакты кез келген джинс шалбарымен үйлестіресіз.

Белдемшелі костюм
Кеңсе белдемшесі бұрынғыдай тек қарындаш-белдемшемен шектелмейді. Оның бүрмелі, клеш немесе трапеция түрлерін алуды ұсынамыз.

Кең шалбарлы костюм
Егер қарапайым іскерлік костюмнен жалықсаңыз, кең тұратын палаццо шалбары бар костюмге мән беріңіз. Оның өте жеңіл материалдан тігілген түрін таңдаңыз. Оны кеңсеге іскерлік костюм ретінде және футболкамен үйлестіру арқылы кештерге киюге болады.

А. Жапатова