Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Сән / Сән-2019: Той көйлегі

Сән-2019: Той көйлегі

Сән-2019: Той көйлегі

Той сәні әдетте консервативті келеді: ақ түс, еденге дейінгі ұзындық, салтанатты той көйлегі немесе "су перісі" стиліндегі көйлек. Жылдан-жылға той көйлегі аса өзгеріске ұшырамайды. Бірақ әр жаңа мерзімде дизайнерлер қандай да бір ерекшелік қосуға тырысады. Ендеше, 2019 жылғы сәнді той көйлегі қандай болмақ?

Фатаның орнына кейп кию

Кей дизайнерлер фатаны кейпке немесе жамылғыға ауыстыруды ұсынып отыр. Кейптің ұзындығы қандай болатындығы маңызды емес. Сән топтамаларынан оның иықты жауып тұратын қысқа түрлері де, еденге дейін түсіп тұратын ұзын түрлері де кездесті. Ол еш әшекейсіз болуы немесе өрнекпен (не жылтырмен) безендірілуі мүмкін.

Минимализм

Корольдік отбасының тойы сән тенденциясына әсер етпей қоймады. Меган Маркл минимализм стиліндегі той көйлегі де өте әдемі көрінді. Желбіршексіз, жылтырақсыз және өрнексіз көйлектің мінсіз пішіміне және өте сапалы матасына мән беріледі.

Шілтер

Шілтерлі той көйлегі – сәннен шықпайтын классиканың бірі. Сонымен қатар, шілтер әйелдің нәзіктігін одан әрі айқындай түседі. Шілтерлі той көйлегі қосымша безендіруді қажет етпейді. Ол той көйлегінің кез келген түріне (жинақыдан үлпілдек көйлекке дейін) жараса кетеді. 2019 жылы да дизайнерлердің сән топтамаларынан шілтерлі көйлектер кездесті.

Көлемді диадема

Көлемді диадемалар мен ободоктар сәнде болады. Мысалы, той көйлегіңіз минимализм стилінде болса, оны көлемді ободокпен ерекшелеуге болады. Биыл інжу таспен безендірілген әшекейлер қайтадан трендке айналғандықтан, диадеманың немесе ободоктың інжумен безендірілген түрін таңдауға болады.

Қалыңдықтарға сән тенденцияларына қарамастан өз қалауы мен талғамы бойынша жарасымды той көйлегін таңдауға кеңес береміз.

0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Ақтоты Жапатова
Фото: Екатерина Васильева, pinterest.com
Қосылған күні: 15 сәуір, 11:44

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.