Прадо мұражайына арналған киімдер топтамасы шықты

Прадо мұражайына арналған киімдер топтамасы шықты
Фото: vk.com

Мадридтегі Прадо мұражайының 200 жылдығына орай танымал Zara масс-маркет-бренді ерекше киімдер үлгісін шығарды.

Zara Man — Becoming A Work Of Art топтамасындағы жейделерге мұражай қорындағы туындылар көшірмелері салынған.

Коллекциядағы свитшот, худи мен футболкаларда Питер Рубенс, Хосе Камарон Бонанат, Диего Веласкес, Тициан мен Хосе де Рибера картиналары бейнеленген. Топтама ерлерге арналғанымен, өнер десе ішкен асын жерге қоятын арулар да киюге болады.

А. Оралқызы