Burberry жұмыссыз әйелдерге арнап киім тігеді

Burberry жұмыссыз әйелдерге арнап киім тігеді
Фото: vk.com

Атақты Burberry сән үйі британиялық Smart Works қайырымдылық қорымен бірлесе отырып жұмыссыз әйелдерге арнап киім тігеді.

Нақтырақ айтсақ, жұмыс іздеп жүрген әйелдерді қолдап, жұмыс берушімен болатын кездесуге ұтымды әрі талғаммен киініп бару мүмкіндігін береді.

Burberry тегін киім берумен айналысатын бұл қормен 2013 жылдан бері тығыз байланыста жұмыс істеп келеді. Осы жолы сән үйі Smart Works бағдарламасына тіркелген 7 әйелді шақырып, өздеріне ұнаған костюмді таңдатты. Табиғи мақта матадан тігілген, жеңіл әрі ұстағанға өте жағымды киімдері арқылы танымал брендтің өнімдері олардың көңілінен шықты.

Әлемге танымал сән үйі сатылмай қалған киімдерді осылай халық игілігіне жұмсауға бел буған.

А. Оралқызы