Көктемде қандай сәнді аяқ киім алуға болады?

Көктемде қандай сәнді аяқ киім алуға болады?
Фото: pinterest.com, unsplash.com

Көктем – асыға күтетін мерзімнің бірі. Күн жылынғанда қалың әрі қара киімдердің орнына жеңіл, ашық түсті және сәнді киімдерді шығарамыз. Егер көктемде жаңа аяқ киім алу ойыңызда болса, сәнді трендтерді ескеріңіз.

Екі мерзім қатарынан 60-жылдардың стилі өз танымалдылығын ұстап келеді. Бұл дәуірден ақ етікке деген тенденция оралды. Ақ етік аяқты ұзартып көрсетеді және киім үлгісіне ерекшелік сыйлайды. Егер ақ етікке күтім жасау қиын деп ойласаңыз, қазір су жұқтырмайтын спрейлер бар. Сол арқылы етігіңізді ылғалдан және ластықтан қорғай аласыз.

Тағы бір стильді аяқ киім – "казаки" етігі. Мұндай аяқ киім өзінің әмбебаптылығымен жақсы. Себебі оны шалбармен де, көйлекпен де кие беруге болады. Егер екі трендті бірден қосқыңыз келсе, жылан принтті немесе ақ түсті "казаки" етігін таңдаңыз.

Спорттық аяқ киімге келсек, былтырғы көктемде 90-жылдардағы секілді өте көлемді кроссовкалар сәнде болды. Барлық дүкен сөрелерінен ugly-pretty кроссовкалары орын алған болатын. Бірақ бұл кроссовкалар ұзаққа бармады. 2019 жылдың сән көрсетілімдеріне қарасақ, дизайнерлер қайтадан үйреншікті кедыға және басқа да жинақы кроссовкаларға оралды.

Егер көктемде кештерге арналған басы ашық аяқ киім алу ойыңызда болса, өкшесі ерекше түрлеріне мән беріңіз. Сонымен қатар, мамығы бар туфлилер сәнде болады. 

Биік өкшелі аяқ киім киюді үйренгіңіз келсе...

А. Жапатова