Қазақстан мұрттылар рейтингінде 4-орында

Қазақстан мұрттылар рейтингінде 4-орында

Әзіл ретінде құрылған мұрттылар рейтингінде Қазақстан 4-орынға жайғасты. Қазақстандықтардың алдына дауыстың 41 пайызына ие болған мексикандықтар, үнділер мен немістер (әрбіреуі 12 пайыздан) түсіпті. Кейінгі сатыларда сәйкесінше британдықтар, аустриялықтар, ресейліктер және француздар тұр. Қазақстандықтарға дауыс берушілердің 10 пайызы көңілін бұрыпты.

Тізімді жариялаған hotels.com сайты қазақстандық ең танымал мұрттыларға Сәкен Сейфуллин мен Шоқан Уәлихановты кіргізіпті. Шет ел рейтингінде Қазақстанның бұндай биікке көтерілуін көпшілік "Борат" фильміндегі персонажбен байланыстыруда.

Мұрт көп мәдениетте ежелден бері мықтылықтың белгісі ретінде қабылданған. Осылайша мұртты тек әскерилер қойып келген. Кейінірек бұл атрибут жігіттің жігіттігін, қайсарлығын білдіретін белгі ретінде қалды. Чапаев, Никита Михалков, Сальвадора Дали, Чарли Чаплин секілді тарихи тұлғаларды осы мұртсыз елестету тіпті мүмкін емес.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: rus.azattyq.org