"Алтын глобус": Жұлдыздар қандай көйлек киді?

"Алтын глобус": Жұлдыздар қандай көйлек киді?
Фото: elle.ru

6 қаңтар күні Лос-Анджелесте киноиндустрия саласындағы асыға күткен сәттердің бірі – "Алтын Глобус" премиясының 76-шы марапаттау рәсімі өтті. "Беверли-Хилтон" қонақүйіне ең танымал голливудтық жұлдыздар мен шоу-бизнестің өкілдері жиналды. "Алтын глобус" кинопремиясы көрермендерді тек номинацияларымен ғана емес, сонымен қатар қызыл кілеммен қызықтырады. Әдеттегідей, журналистердің зейіні атақтылардың киім үлгісінде болды. Естеріңізге сала кетейік, былтыр "Алтын глобус" премиясына армандар мекені саналатын Голливудта әйел адамдарға қатысты жасалатын әділетсіздерге қарсы барша актрисалар салтанатты шеруге қара көйлек киіп келген болатын. Ал биыл жұлдыздар бізді өздерінің түрлі түсті көйлектерімен қуантты. 

Дакота Фаннинг

Дакота бұл кешке классикалық көйлек таңдады. Ол күмістей Аrmani Prive көйлегін тегіс шаш үлгісімен және ұтымды қызыл ерін далабымен толықтырды.

Кэтрин Зета-Джонс

49 жастағы актриса марапаттау рәсіміне жасыл түсті көйлек таңдады. Кешкі киім үлгісін ол гауһар және зүбаржат тастары бар көлемді сырғамен және сақинамен толықтырды. Керемет шаш үлгісі мен көзге зейін қойылған макияж актриса үлгісін жақсы аяқтап тұр.

Розамунд Пайк

39 жастағы актриса "Алтын глобус" кілеміне алғашқылардың бірі болып шықты және өзіне бірден камера көздерін қаратты. Ол етегі ұзын және үстіңгі бөлігі ашықтау Givenchy көйлегін киіп келді. Оның күміс түсті қысқа жакеті киім үлгісін жақсы толықтырып тұрды.

Люси Лью

"Алтын глобустың" қызыл кілемінде жұлдыздар көп болса да, "Оңай" ("Элементарно") сериалының жұлдызы Люси көзге түспей қалған жоқ. Оған "той сәнінің ханшайымы" Galia Lahav нәзік көйлегі себеп болды.

Хайди Клум

"Алтын глобус" рәсіміне Хайди Клум мен Том Каулитц бірге келді. 45 жастағы неміс моделі етегі гүлдермен безендірілген Monique Lhuillier көлемді көйлегін таңдады.

Пенелопа Круз

Пенелопа осы жолы өзінің сүйікті Chanel мен Versace брендтерін таңдамапты. Ол бұл кешке кең етекті және арқасында барқыт банты бар Ralph & Russo Couture көйлегін киді.

Джулианна Мур

Ол марапаттау рәсіміне атлас пен күміс торлы Givenchy ақ көйлегін киіп келді. Ол киім үлгісін гауһар тасты әшекейлермен толықтырған.

Ирина Шейк

Ирина Шейк бірден екі номинацияға ұсынылған өзінің серігі Брэдли Куперді қолдап келді. Ирина бұл кешке жартылай мөлдір алтын түсті Versace көйлегін таңдаған.

Эмили Блант

Эмили Alexander McQueen күрделі шілтерлі көйлегінің өзінде де әдемі көрініп тұр. Оның басты себептерінің бірі – киім үлгісі толықтай бір түске негізделген.

Джулия Робертс

Қызыл кілемде голливудтық актрисалар түрлі көйлекте шығып жатқанда, Джулия Робертс журналистердің алдына ерекше және өте стильді үлгіде пайда болды. Ол ұзын шлейфі бар топ және классикалық қара шалбар таңдады. Ол өз үлгісін ұзын сырғамен және шағын, басы ашық аяқ киіммен толықтырды.

Шарлиз Терон

Шарлиз Терон марапаттау рәсіміне ұтымды классикалық киім үлгісін таңдады. Ол арқасы ашық Christian Dior монохромды көйлегін ірі гауһар таспен толықтырды.

Эмма Стоун

Эмма Стоун қызыл кілемге Louis Vuitton салтанатты көйлегін киіп шықты. Көйлек пайеткалармен безендірілген. Үлгіні күміс түсті сөмке толықтырды.

Эмбер Херд

"Аквамен" фильмінің басты рөлдерінің бірін орындаушы тек экранда ғана емес, сонымен қатар жұлдыздар кешінде де жарқырап жүруді жөн көрген. Ол ханшайым үлгісін таңдаған: барқыт топ пен көлемді атлас белдемшеден тұратын Monique Lhuillier көйлегін киді.

Леди Гага

"Алтын глобус" қызыл кілемінің "жұлдызына" Леди Гага айналды. Леди Гага ақшыл көк түсті Valentino көйлегін киіп келді. Әншінің үлгісі 1954 жылғы "Жұлдыз туды" ("Звезда родилась") фильміндегі Джуди Гарлендтің көйлегіне еліктеуден пайда болған. Жылтыры бар ашық макияж және ақшыл көк түсті шашы оның үлгісін одан әрі айқындай түсті.

А. Жапатова