Биыл трендте болған 10 фэшн-логотип

Биыл трендте болған 10 фэшн-логотип

Әлемге танымал Lyst платформасының мамандары 2018 жылы трендте болған 10 фэшн-логотипті анықтады.

Рейтинг жасауға 120 елден 80 миллион тұтынушы қатысқан. Бірінші орынға Supreme логотипі тұрақтаса, Champion мен Fila де алғашқы үштікке іліккен. Төртінші сатыдан әрі қарай Prada, Fendi, Gucci орналасқан. Одан кейін  Kappa, Versace мен Louis Vuitton тұр, ал ондықты Celine қорытындылайды.

Тізімнен байқағанымыздай, алғашқы үш сатыда спорттық киімдер брендтері орналасқан екен. Бұл қазіргі таңда жастардың жаппай салауатты өмір салтына бет бұруымен байланысты болса керек.





ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар