Жоғары талғаммен киінетін сәнқойлар рейтингі

Жоғары талғаммен киінетін сәнқойлар рейтингі
Фото: vk.com

Vanity Fair журналы әдеттегідей жоғары талғаммен киінетін сәнқойлар рейтингін жасады. 11 адамнан тұратын әділқазы алқасына енген Youtube-тің фэшн-директоры Дерек Бласберг, фэшн-продюсер Александр де Бетак және жазушы Даниэл Стил (жазушыны тегіне қрап алған секілді ғой) әлемнің ең сәқой адамдарын бірнеше категория бойынша анықтады.

 актер Тимоти Шаламе

Мысалы,"Тотықұстар" (актер Тимоти Шаламе, рэпер Джей Зи, баскетболшы ЛеБрон Джеймс, актер әрі музыкант Дональд Гловер), "Глобалистер" (заңгер Амаль Клуни, Франция президентінің жұбайы Брижит Макрон, Сассекс герцогинясы Меган Маркл), "Оригиналдар" (суретші Дэвид Хокни мен Яеи Кусама, әнші Лорин Хилл), "Микс шеберлері" (актерДжона Хилл мен Джефф Голдблюм, дизайнер Ральф Лорен) деген номинациялар болды.

заңгер Амаль Клуни

Тізімде бұлардан өзге Сиенна Миллер, Зои Кравиц пен Сара Полсон, дизайнер Миучча Прада мен Хайдер Акерманн, теннисші Серена Уильямс, музыкант Марк Ронсон, әнші Рианна, модель Белла Хадид, әнші Трой Сиван, жазушы Эдуар Луи, Vogue журналының франциялық нұсқасын басқаратын Эммануэль Альт есімдері те аталды. 

А. Оралқызы