Қолшатыр таңдай аласыз ба?

Қолшатыр таңдай аласыз ба?

Күз айы қаһарына мініп, жауынның жиілеуі кезінде бұл тақырып актуалды болып тұр.

Олай болса, бұл аксессуар қандай болуы керек? Бүгін осы тақырыпта әңгіме-дүкен құралық.

Сап

Қолшатырыңыз көзге тәуір көрінгенімен қолға ұстаған кезде кейбір ыңғайсыздықтар орын алуы мүмкін. Бұндай жағдайда еш ойланудың керегі жоқ. Бұның сізге болашақта көп ыңғайсыздықтар тудырары анық. Тіпті алақаныңыз қажалып, жараға айналуы мүмкін.

ва

Бұл тұрғыда саптың материалы да көп мәнге ие. Пластиктен жасалған саптың бір кемшілігі ол тез жарылғыш, сызат түскіш болады. Жылтырақ бояумен боялған сап уақыттың өтуімен түсінен айырылуы мүмкін.

Ағаштан жасалған саптар да бар. Бұлардың ерекшелігі мықтылығында. Дегенмен ағаш сапты қолшатырды сатып алмастан бұрын, сапта ешқандай жарықтың жоқ екендігіне көз жеткізіңіз. Ең мықты, сенімді саптар прорезиннен жасалған саптар екендігін айта кетелік.

Спицалар мен өзек

ва

Қолшатыр ауыр, ал металдан жасалған бөлігі жылтырақ болса, аксессуарыңыз болаттан жасалған деген сөз. Бұл материал алюминий секілді иілгіш болмаса да, берік болып келеді. Соның себебінен қатты жел тұрғанда қолшатырыңыздың іші сыртына шығып, айналып кетпейді. Бұл тұрғыда спицалардың конструкциясына да назар аударыңыз.

Шатыр

к

Шатырды түрлі материалдан жасай береді. Мысалы, нейлон немесе полиэстер. Біріншісі салыстырмалы түрде арзан болады. Ал полиэстер беріктігінің себебінен қымбатырақ. Және әдетте бұндай шатыр суды тебетін қосылыспен майланады.

Ауырмаңыз, деніңіз сау болсын!

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: kocmetika.com