Күздік пальтоңыз бар ма?

Күздік пальтоңыз бар ма?

Күздік гардеробты сәнді пальтосыз елестету мүмкін емес. 2012 жылдың күзінде қандай пальто түрлері сәнде болмақ?

Кысқа көйлектермен мынандай көлемді пальто ерекше жарасады. Биік өкшедегі аяқ киімді таңдаған жөн.

Ұзын, қынама белді, етегі кең пальтоны күнделікті де, іскерлік кездесулерге де, кешкі отырыстарға да киіп баруға болады. Айта кетсек, бұндай пальто бойыңызды ұзын етіп көрсетеді.

Сұр, ақ, қара түстерден жалыққандар жарқын түсті пальто таңдауына әбден болады. Бұл маусымда қызыл, сарғыш-қызыл түстері өте сәнді саналады. Киіміңіз жарқын түсті болса, көңіліңіз де түсе қоймас.

Ақ пальто қашан да нәзік, пәк, кербез көрінеді. Ақ пальтомен көзге түсетіндей түсті шалбар кисеңіз, нағыз сәнқой атанасыз.

Кейп - қазірде ең сәнді трендтердің бірі. Бұл жеңі жоқ күздік пальтоның түрі. Жеңі жоқ екен, тоңамын деп қорықпаңыз. Қолыңызды пальтоның ішіне салып, жылына аласыз. Кейппен бірге кең қалпақ, ұзын қолғаптар киіңіз.

"Оversize" пальтолары көлемді, үлкен болғанымен, сізді нәзік етіп көрсетеді. Қысқартылған шалбар мен көйлектермен мінсіз жарасады.

Классиканы ұнататын аруларға белдігі бар ұзын пальто ұсынуға болады. Ерекшеленемін десеңіз, жарқын түсті түрін таңдаңыз.

Ал сіздің пальтоңыз қандай?

Дайындаған: Сания Аринова 

Суреттер: glamour.com, freepeople.com 

С. А