Ocean's 8: 2018 жылдың ең сәнді фильмі

Ocean's 8: 2018 жылдың ең сәнді фильмі
Фото: vk.com

"Оушеннің 8 досы" атты фильм сатылымға шықты. Ол әйгілі "Оушеннің 11 досы" фильмінің жалғасы болмақ.

Кинокартинада Сандра Буллок, Кейт Бланшетт, Рианна, Энн Хэтэуэй, Хелена Бонэм Картер, Минди Кейлинг, Сара Полсон, Нора Лам (Awkwafina лақап атымен танымал) мен Метт Деймон бас қосып, негізгі рөлдерді сомдайды.

Режиссер Гарри Росстың көрерменге жол тартқан картинасының сюжеті бойынша сегіз дос Met Gala қайырымдылық шарасында ұрлық жасауды жоспарлайды. Олар ғасырдың ең әйгілі қарақшылық шабуылын ұйымдастыруды көздейді.

Алғаш рет Дэнни Оушен есімді кейіпкер мен оның достары 1960 жылы режиссер Льюис Майлстоунның "Оушеннің 10 досы" фильмі арқылы танымал болды. Ал, Стивен Содерберг түсірген ремейк түпнұсқадан да атақты болды. Осы "Оушеннің 11 досы" фильмі Джордж Клуни мен Брэд Питтің шеберлігі арқылы көрермен жүрегін жаулап алды. 

«Басты рөлді сомдайтын 8 актрисаға уақытты қалай тең бөлгеніме өзім де таңмын,– дейді фильм костюмері Сара Эдвардс Vogue журналына берген сұхбатында, – Олардың әрқайсысы мега-жұлдыз. Өзімен тең өзге 7 әйелмен ештеңе бөліскісі келмейтіні анық. Десе де, олардың бір-біріне деген сый-құрметі түсірілім тобын тәнті етті».

Актерлер кастингі калибрінің қаншалықты ауқымды екенін мына тізімнен біле беріңіз: Кейт Бланшетт, Сандра Баллок, Энн Хатауэй, Сара Полсон, Хелена Бонем-Картер, Рианна, Аквафина, Минди Калинг. Иә, дәл осы жұлдыздар аталған картинада басты рөлдерді сомдады.

«Түсірілім барысында сән өндірісінің ең беделді өкілдері зор қолдау көрсетті. Көптеген ірі брендтермен бірлесе жұмыс жасадық. Фильм сюжеті бойынша ұрлануы тиіс болған Cartier акксессуарын таңдау барысында бренд әшекей бұйымдарды бірінен соң бірін әкеліп, онымен үйлесетін кешкі көйлек таңдау үдерісіне де белсене араласты», - дейді костюмер.

Соңында, Сандра Баллок Alberta Ferretti, Кейт Бланшетт Givenchy, Рианна Zac Posen, Энн Хатауэй Valentino, Хелену Бонем-Картер Dolce & Gabbana, Сару Полсон Prada, Аквафина Jonathan Simkhai, Минди Калинг Naeem Khan сынды кутурье көйлектерін киетін болды. 

А. Оралқызы