АҚШ-та 75 мың долларға люкс киіз үйлер сатылуда

АҚШ-та 75 мың долларға люкс киіз үйлер сатылуда

Rainier деп аталатын американдық компания люкс киіз үйлерді қымбат бағаға сатып жатыр.

Ортаазиялық әдемі өңделген бұл үйдің құны 75 мың доллар тұрады. Dream Folly атты киіз үй шыны тәрізді түссіз пластмассадан, винил және полиэстерден жасалған. Оның ішкі көрінісін әйгілі американ дизайнері Ребекки Визардтың жетекшілігімен өңдеген. Киіз үй еденінде әр жерде қолмен жасалған жастықтар жатыр. Қабырғасында дизайнерлік жапқыштар, ал шаңырағында қолдан жасалған хрусталь люстра ілініп тұр.

Компания бұл киіз үйге кез келген дизайнер өзінің ойлап тапқан дүниесін үйлестіріп, сатып алушылар өз фантазиясын қоса алады дейді.

Бұл люкс киіз жөніндегі алғашқы жаңалық емес. Өткен жылы да осындай киіз үй сату саудасы АҚШ-та қызу жүрген еді. Кей басылымар киіз үйді жаңа жылға сыйлайтын ең жақсы сыйлықтар қатарына кіргізген болатын. 


Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: news.nur.kz

Б. Қосмағамбет