Тренд: Биркин баскет

Тренд:  Биркин баскет
Фото: vk.com

Былтырдан бері трендтер қатарынан түспей келе жатқан Биркин баскетті Hermès компаниясының осы актриса есімімен атаған сөмкесімен шатастырмаңыз. Сабаннан тоқылған баскетті Париж сән-салтанатының символына айналған Биркин қолынан тастамай ұстап, негізгі популизаторы болғандықтан, Еуропа оны осы атаумен таниды.

Ең сәнді бұйымға айналған tote bag қазіргі уақытта кез келген қалыпта шығарылып жатыр. Бұрын-соңды тек жағажайда ғана пайдаланылатын сөмкені енді барлық жұлдыз ұстап жүр. Оның қай түрін сатып алған жөн дейтіні жоқ. Бәрі сәнде. Мысалы: толықтай және жартылай сабаннан тоқылғандары да, мата, былғары, моншақ, шашақпен әрленгендері де, үлкендері де, шағын түрлері де, бәрі-бәрі сәнді. Дизайнерлер өткен сән апталықтарында түрлі әдіспен тоқылған, түрлі қалыптағы сөмкелер түрлерін ұсынды. Жалпы, сабаннан тоқылған сөмкенің қайсы нұсқасын аламын десеңіз де қателеспейсіз. 

А. Оралқызы