Сізге қандай көзілдірік жарасады?

Сізге қандай көзілдірік жарасады?
Фото: cloudarticles.info

Күн ыси бастады. Енді көзді күннен қорғайтын көзілдірік кию керек. Оны қалай таңдаған дұрыс? 

Көзілдірікті кез-келген дүкеннен емес, оптикалық көзәйнектер сататын орталықтардан алған жөн. Сапасыз көзілдірік көздің алдын қарайтып көрсетумен қатар, қарашыққа, оның тамырларына күш түсіреді. Адамның көру қабілетіне зақым келеді.

Егер сізге көзілдірік тек ультракүлгін сәуледен қорғану үшін керек болса, онда қара-сұр немесе қара-жасыл түсті линзаны таңдауға болады.  Ал үнемі көлік жүргізсеңіз, жылтырауға қарсы (антибликовый) және  полярлаушы (поляризующий) деген қосымша функциялары барын таңдағаныңыз жөн. Полароид көзілдіріктер 99 пайыз жарықтан қорғау қабілетіне ие.

Көзілдірік линзаларының түсін  әр жағдайға әртүрлі етіп таңдайсыз. Мәселен, көшеде қыдырыстау үшін қоңыр немесе сарғыш кө­зілдірік жарай бе­ре­ді. Егер тауға шықсаңыз, онда қа­ра көзілдірік киген жөн. «Пластик пе, шыны ма?» деген сұрақ та әркімнің көкейінде тұрары анық.  Бұ­рын­ғы кез­дері көзіл­діріктер тек шыныдан жасалатын еді. Қазір пластик  кең етек алып келеді. Пластик жеңіл, әрі сын­ғыш емес, сапасы да қалысып тұрған жоқ.

Көзілдірік басыңызды қысып тұр­мауы керек. Оның мұрын үстіне қона кетуін, басыңызды қысып тұрмауын қадағалаңыз.­

Сары шашты қыз-жігіттерге  қара, көк, жасыл түсті көзілдіріктер жарасады. Оларға тіпті барыс терісін еске салатын түсті көзілдірік киюге де болады.

Қараторы қыздарға  күміс түсті сұр, алтын түстес көзілдірік жарасымды болмақ.

Шашы ағара бастаған адамдар  сұр түстен басқа түстердің бәрін таңдай алады.

Төртбұрыш формалы бетке астыңғы жағы доғалданған, жіңішке металл көзілдірік киген жөн. Сонда келбетіңіз әдемі көрінетін болады.

Үшбұрышты келген беттерге де жіңішке металдан жасалған, линзалары қою түсті көзілдіріктер жарасады.

Доғалдау келген бет пішіндеріне кез келген көзілдірік қона кетеді. Басы домалақ адамдарға төртбұрышты болып келетін, қатты қара көзілдірік кисе, басының домалақтығы білінбей тұрады.

 Дереккөз: zamana.kz

Ө. Сансызбай