Көктемгі сән: Бұлығы бар шалбар

Көктемгі сән: Бұлығы бар шалбар
Фото: pinterest.com

Бұрын бұлығы (лампас) бар шалбарды спорттық киіммен байланыстырса, қазір мұндай шалбарлар жаңа түрге еніп, 2018 жылдың хитіне айналды.

Бұлығы бар шалбарлар сәнқой қыздар арасында өзінің ыңғайлылығы мен әмбебаптылығы үшін танымалдыққа ие болды. Ол спорттық стильмен де, іскерлік үлгімен де үйлесе береді.

Бұлығы бар шалбар деп  жанындағы түрлі түсті сызықтарды айтады. Мұндай шалбарды ыңғайлы бомбер, casual жейде, қатаң жейде, тон, пальто және былғары күрткемен киюге бола береді.

Сонымен қатар, бұл шалбармен өзіңізге ыңғайлы аяқ киімді кие бересіз. Ол басы ашық аяқ киім, кеды, кроссовка, биік өкшелі аяқ киім және балетка болуы мүмкін. Аксессуар ретінде бұлығы бар шалбарды мойынға тағылған нәзік орамалмен және кішкентай сөмкемен үйлестірген жөн.

А. Жапатова