Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Сән / Dior: Әйел суретшілер құрметіне арналған топтама

Dior: Әйел суретшілер құрметіне арналған топтама

Dior: Әйел суретшілер құрметіне арналған топтама

Dior сән үйінің жаңа көктемгі және жазғы топтамаларын жарнамалайтын бейнеролик шықты.

Осы коллекцияның негізгі дәріптеушісі атанған Саша Пивоварова есімді топ-модель жарнамалық видеода Мария Грация Кьюридің Dior сән үйі үшін жасаған жейделерінде қойылған "Неге әйелдерден ұлы суретші шықпаған?" деген сұрақты қайталайды және соған былай жауап береді: "Өнер қашан да ерлердің билігінде болды. Осыған дейін әйелдер сурет өнерінде тек муза ретінде ғана бағаланып келді, ешқашан өнер тудырушы болмаған. Енді осы мәселені қолға алып, әйел өнерпаздарға қолдау көрсету керек". 

Топтаманың өзі де сондай сирек есімдердің бірі есептелетін белгілі француз суретшісі Ники де Сен-Фалль шығармашылығына арналған. Бір қызығы, сурет өнері шебері бұрын дәл осы Dior сән үйінің моделі ретінде де танылып үлгерген екен. Топтаманың жарнамасын ілгерілету мақсатында кеше ғана әлеуметтік желілерде жарық көрген фотосуреттерді теңдессіз fashion-фотограф Патрик Демаршелье түсірген.

Қосымша ақпарат бере кетейік, Ники де Сен-Фалль — театр суретшісі әрі мүсінші, жаңа реализм толқынының өкілі. Танымал мүсінші Жан Тэнглидің жұбайы. Бұл жұптың ең атақты туындысы — Париждегі Стравинский субұрқағы. Сурет өнеріне қызығушылық танытатын оқырмандарымыз үшін Ники де Сен-Фалль есімі тансық өнер әлемін ашатыны анық. Ендеше, дизайнер Кюридің жазғы топтамасының музасы болған сурет шебері туралы терең ақпарат алғыңыз келсе, мақала астына пікір қалдырыңыз. 

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Айымгүл Оралқызы
Фото: vk.com
Қосылған күні: 19 ақпан 2018, 10:03

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.