Сән өндірісіндегі революция: табиғи сұлулық

Сән өндірісіндегі революция: табиғи сұлулық
Фото: vk.com

Сән өндірісінде үлкен жаңалық орын алды. Аталған өндірістің інжіліндей аса беделді Vogue басылымы ендігіде мұқабаға еш макияжсыз әрі қосымша әрленбеген суреттер шығармақ.

Мұндай қадамды Vogue Italia журналы бастады. Оның ақпан айындағы шығарылымында үнемі рейтингтер басынан табылатын Жизель Бюндхентің суреті бейнеленген. Фотосессия модельдің Массачусетс штатындағы Честнат-Хиллде орналасқан үйінде өткен. Сурет әдеттегідей мінсіз ойластырылған образда емес, қарапайым үй киімінде әрі өз отбасы мүшелерімен өткізетін бір күннің сипатын береді. Британиялық фотограф Джейми Хоксворт жасанды жарық пайдаланбай, пленкалы аппаратқа түсірген. 

Журнал ішінде Жизель Бюндхентің жолдасы Том Брэди мен Бенджамин, Вивиан есімді балалары бірге уақыт өткізген отбасылық суреттер басылған. Интервьюді жазушы Ричард Мейсон алған. 

Мұндай ерекше қадамға қазіргі уақытта жастардың мінсіз болу жолында көптеген қауіпті операцияларға баруы себеп болған көрінеді.

А. Оралқызы