Жаңа жыл: голографиялық жылтыр

Жаңа жыл: голографиялық жылтыр
Фото: vk.com

Соңғы кездері түрлі бьюти-брендтер  голографиялық мейкап өнімдер шығаруды сәнге айналдырған.

Осы тренд жаңа жылдық кештердің көркін келтірмек. Мұндай мейкап жасаған бикештер әлі әбден сәнге келіп үлгермеген өнімдерді пайдалану арқылы өздерін нағыз сән диктаторларындай сезінуге құқылы. Себебі, голографиялық мейкап өнімдердің басым бөлігі тек келесі жылдың көктемінде ғана шығады деп жоспарланып отыр.
Голографиялық мейкап – 2017 жылдың макияж саласындағы негізгі тренд. Визажистердің айтуынша, жылтыр көз бояғыштардың құрғақ әрі сұйық түрлерінің сан алуан нұсқалары сән үйлері жоспарының басында тұр. Естеріңізге сала кетейік, биыл голографиялық жылтыр мейкап өнімдерін Becca, Cover FX, Urban Decay, Anastasia Beverly Hills, Milk Makeup, ColourPop және тағы басқа брендтер алғашқылардың бірі болып шығарған еді.

А. Оралқызы