Талайды таңдай қақтырған сәнгер бүлдіршін

Талайды таңдай қақтырған сәнгер бүлдіршін

Ресейлік 4 жасар сүп-сүйкімді сәнгер қыз Милан Курникова бүкіл әлем назарын аударды. Оның суреттері интернет бетінде жариялана салысымен-ақ, бүкіл жер жүзіне таныла бастаған. Бүгінде даңқы жер жарған көк-жасыл жанарлы момақан қыз тәбиғи тәтті қылығымен-ақ әлемдік деңгейдегі жұлдыздар қатарына енді. Қос жанарынан балғындық пен күнәсіздік менмұндалап тұратын бүлдіршінді әлемнің жер-жерінен киноға, жарнамаға ұсыныс етушілердің аяғы үзілмейді екен. Ал миллиондаған сайт беттерінде аңызға айналған қызды болашақта сән және кино әлемінің «періштесіне» айналады деп бағалайтын көрінеді. Әрине, тіл-көзден аман болсын. 

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: xinhua.net

Қ. Қауымбек