Шаш қатыруға арналған лакпен не істеуге болады?

Шаш қатыруға арналған лакпен не істеуге болады?
Фото: anabol.kz

Егер косметика салатын қорапшаңызда шаш қатыруға арналған лак болса, ол бекер жатпасын. Керегіңізге жаратыңыз! Қарапайым шаш қатырғыш – әйел адамдардың таптырмас көмекшісі. Оның қандай көмегі бар? Біле отырыңыз!

1)  Капрон шұлыққа лак сеуіп қойсаңыз, оның сөгіліп кетуінің алдын аласыз.

2) Тырнағыңызға жаққан лактың үстінен шаш қатырғышты сепсеңіз, бояу тезірек кебеді.

3) Лакты пердеге шашсаңыз, оны шаңнан қорғайды.

4) Белдемшенің ішіне лак шашып қойсаңыз, ол электрленіп, аяққа жабыспайтын болады.

5) Шашқа тағатын жіңішке түйреуіштер сырғып, орнынан жылжымауы үшін оған да лак шашып қойыңыз.

6) Сыйлық орауға арналған қағазға лак сеуіп, оны жылтыратып қоюға болады.

7) Түрлі-түсті қарындашпен салынған суреттің бетіне лак сеуіп, оның «өмірін» ұзартуға болады. Осылайша оның бояуы өшпей, ұзаққа сақталады.

8) Сабақтар жібіңіздің ұшына лак шашып алсаңыз, иненің көзінен оңай өткізесіз.

9) Гүлдерді кептіргіңіз келсе, оған алдымен лак шашып қойыңыз. Сонда ол қанық түсін сақтап қалады.

10) Матадағы сияны, қалам ізін шашқа арналған лакпен тазартуға болады.

Дереккөз: anabol.kz

Ж. Жұмағұлов