Арық етіп көрсететін 7 нәрсе

Арық етіп көрсететін 7 нәрсе

Жаңа диета нәтижесін ұзақ уақыт күткіңіз келмейді ме? Дене бітіміңізді дәл қазір өзгертіңіз!
Дене бітімі кемшіліктерін қалай жасыруға болады? Назарларыңызға cырт көзге артық келілер мен сантиметрлерді көрсетпеу құпияларын ұсынамыз.
1.    Құты пішінді көйлек: кез келген фигура кемшіліктерін жасыра алатын ең қолайлы нұсқа.

Көйлек таңдағанда бірнеше қағиданы есте сақтаңыз. Өз өлшеміңізді дұрыс таңдаңыз: сіздің денеңіз бен көйлегіңіздің арасында кішігірім «ара қашықтық» болу керек. Яғни, ол тым тырысып тұрмауы тиіс. Қарапайым үлгіде пішілген, қалыңдау матадан (атлас, букле, түкті матадан басқалары) тігілген көйлек таңдаңыз. Және оның қалың және созылмайтын матадан жасалған астары болу керек: бұл денені қосымша «тартып» тұрады.

 

 

 

 

 

 

2.    Әдемі әшекей
 Жіңішке алқа немесе бірнеше ұзын моншақ кескініңізге тік сызықтар қосады.Оларды жіңішке білезікпен үйлестіріңіз.

Дене бітіміңіздің кемшіліктерінен назарды өзіне аударып әкететін, денеңізге тігінен сызықтар қосатын (шарф немесе ұзын моншақ) аксессуарларды қолданыңыз. Моншақтардың ұсағын, ұзындығы кіндігіңізден сәл жоғары болатынын таңдаңыз. Қолыңыз бен иығыңыздың ірілігін білезік пен сақиналардың көмегімен жасыруға болады. Ірі білезік қолыңызды толық етіп көрсетеді, сондықтан нәзік, жіңішке түрін таңдаңыз.

 

 

 

3.    Қанық емес түс
 Кәді түсі ағымдағы маусымда өте сәнді болып есептеледі. Оны негізгі киім емес, гардеробыңыздағы қосымша түс ретінде қолданыңыз.

Қара түске байланбаңыз: бастысы – сіздің теріңіздің реңіне жақсы үйлесетін түсті таңдау. Дегенмен, тым ашық түстерден аулақ болыңыз. Кәді және шоколад түсті, көк реңді киімдерге назар аударыңыз. Тек есіңізде болсын: қанық емес қоңыр түс сізді арықтатып, ал сүтті шоколад реңі денеңізді сырт көзге толықсытып көрсетеді.

 

4.    Беліңізге белбеу
Әмбебап нұсқа – негізгі киіммен түстес кішкентай қапсырмасы бар онша жалпақ емес жұмсақ белбеу.

Беліңізге тағылған белбеу кескініңізді «суреттеп», ішіңізді жасыруға көмектеседі. Дене бітіміңіздің ерекшелігіне қарай жалпақ не жіңішке белбеу таңдаңыз. Жалпақ мата белбеу – фигураңызды түзеудің тағы құралы: ол ішіңізді жасырып, беліңізді қылдай етеді.

 

 

5.    Қысып тұратын іш киім
Дұрыс таңдалған іш киім сізді арық және әдемі етіп көрсетеді. Арнайы түзеу іш киімін алуға мүмкіндігіңіз болмаса, тығыз созылмалы матадан тігілген іш киім сатып алыңыз.

Денені қысып тұратын шұлық, белбеу, корсет немесе созылмалы іш киім киіңіз. Қазір сатылымда дене бітімін тартып, «жинап» тұратын түзеу іш киімінің түрі көп. Дененің олпы-солпылығы мен қатпарларын дұрыс таңдалған іш киімнің көмегімен оңай жасыруға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

6.    Қыры бар қара классикалық шалбар
Шалбар фасонын өз фигураңызға қарай таңдаңыз. Түзу кең шалбар бәріне жарасады! Дегенмен тығыз маталарға көңіл бөліңіз.

Американдықтар мынадай тәжірибе жасаған:  толық әйелдерге түрлі үлгідегі және түрлі түсті шалбар кигізген. Барлық киім киіп көру нәтижелері суретке түсіріліп, ерлерден құралған қазылардың назарына ұсынылды. Барлық еркек қара шалбардың әйел денесін арық етіп көрсететінін бірауыздан мақұлдаған. Қорытынды: қара кең шалбар толық аяқты жақсы жасырады. Ал шалбардың қыры аяқты сырт көзге арықтатып көрсетеді. Аяғыңыз одан да ұзын болып көрінгенін қалайсыз ба? Шалбар балағының ұзындығы тақаның төрттен үш бөлігіне жететін үлгілерді таңдаңыз.

 

 

 

 

 

 

7.    Дене түстес тік өкше туфли
Бұл кез келген гардеробқа үйлесетін тамаша вариант. Олар көйлекке де, шалбарлы костюмге де жарасады.

Биік тақалы аяқ киімдей аяқты басқа ештеңе ұзарта алмайды. Туфлидідің барынша ашығын таңдаған жөн – бұл аяққа қосымша ұзындық береді. Ең дұрыс шешім – дене түстес қайық пішінді туфли. Және ешқандай артық баудың қажеті жоқ! Салқын күндері ұзын қонышты етік киген дұрыс, себебі балтырдың жартысынан келетін  етіктер аяқты «кесіп тастайды», аяқ қысқа болып көрінеді. Етектің ұшы мен етік қонышы арасындағы қашықтың барынша қысқа болу керек.          

 

Суреттер fashiontime.ru, nmartino.ru, sorbsansilver.ru, babyblog.ru, tvoe.ru, ladies.zp.ua, bigpicture.ru сайттарынан алынған