Күзгі сән-2017: Маникюр

Күзгі сән-2017: Маникюр
Фото: nailconcept.ru

Бұрын француз маникюрі мен бүртүсті лакпен боялған маникюр ғана сәнде болатын, ал қазір нейл-арттың дамуына байланысты ашық түсті маникюр мен түрлі өрнектер ойлап табу танымалдылыққа ие. Тырнақтың ұзындығына келетін болсақ, максималды табиғилық сәнге айналды. Өте ұзын әрі басы үшкір тырнақтардан бас тартыңыз. Төменде сән көрсетілімдерінде байқалған маникюр түрлерін ұсынамыз.

Логотип

Сөмкеге немесе көзілдірікке логотип қоюды қарапайым санаған нейл-арт мастерлері атақты брендтердің логотипі бейнеленген маникюр жасауды ұсынды. Мысалы, Нью-Йоркта өткен сән көрсетілімінде тырнақ дизайнына идея беретін Джин Сун модельдердің тырнақтарына бренд атауын жазып қойды. Бұл идеяны басқа да мастерлер мен инста-блогерлер қолданып, тарап кеткендіктен, күзгі сәннің басты трендіне айналды.

Сұқ саусаққа екпін беру

Бір немесе екі саусақты ерекшелеп басқа түспен бояу осы күз мезгілінде де сәнде болмақ. Алайда бұрын екпінді ортаңғы және аты жоқ саусаққа берсе, қазір сұқ саусақты ерекшелендіреді. Оны да басқа түспен бояуға немесе өрнектеуге болады.

Алтын түсті маникюр

Алтын түс киімде, аяқ киімде, макияжда сәнде болып келсе, міне енді маникюрге де жетті. Алайда тырнақты толықтай алтын тустес лакпен боямай, тырнақты тек жартылай жылтыратып немесе алтын-нюдті аралас маникюр жасатқан жөн.

Жаңа френч

Қазір француз маникюрі бұрынғыдай кең таралмағанмен, ол классикаға айналып үлгерді. Нейл-арт мастерлері жыл сайын оның дизайнына қандай да бір ерекшелік әкелуде. Биылғы күзгі сәнде француз маникюріндегі «күлкі» формасын бұрынғыдан жалпағырақ етті.

Қызыл лак

Тырнақтағы қызыл лак мәңгі классикаға айналған. Бұл маникюр түрі сәннен әлі шығып көрген емес.

Nude маникюрі

Макияждағы секілді маникюрде де нәзік түстер сәннен өз орнын тапты. Nude маникюрі қарапайым болып көрінгенмен, оның өзі бірнеше түске бөлінеді. Оның сүт қосылған кофе, алқызыл реңк, қою сүт секілді түрлері бар.

А. Жапатова