Сән аптасындағы шаш сәндері

Сән аптасындағы шаш сәндері

Сән көрсетілімдеріндегі киім үлгілері де, шаш сәндері де көп жағдайда күнделікті өмірде жасауға келмейтіндей ерекше болады. Бірақ олардың арасынан да қарапайымдарын тапса болады. Өзіңізге жарасатынын таңдап көріңіз.

Balenciaga

Гвидо Палау есімді стилистің мына шаш сәнін сабаққа да, жұмысқа да жасап баруға болады. Беткі шашты бірнеше рет өріп оны қарапайым қысқыштармен қыстырсаңыз болғаны. 

Valentino

Шашқа кішігірім көлем беріп, төменірек орап, түйе салыңыз. Бұл шаш сәні Valentino стиліне сай, бір уақытта классикалық және нәзік болып көрінеді.

Givenchy

Givenchy көрсетіліміндегі модельдердің киімдері де, шаш сәндері де ерекше болады. Алайда осындай шаш сәнін күнделікті өмірде де қолданса болады. Шашты ортасынан бөліп, тығыз қылып орап бұрап, түйіңіз.

Lanvin

Осы жолы қарапайымдылықты таңдаған Lanvin стилистері, модельдерінің шаштарын шетінен бөліп, жая салған. Бұндай шаш сәні де күнделікті өмірде қолданысын табары сөзсіз.

Дайындаған: Сания Аринова

Суреттер:allure.com, sousep.com

С. А