Арықтауға кедергі себептер

Арықтауға кедергі себептер
Фото: https://www.dobrenok.com

Өзің қалыпқа келтіру үшін әйел заты біршама тер төгеді. Соған қарамастан, кейбір әйел адамдар нәтижеге қол жеткізе алмайды. Оның себебі сіз күреспеген жан дауасы болуы мүмкін. Артық салмақтар сіздің психологиялық жағдайыңызға қарап, қорғаныш қызметін атқарады. Диетологтар мен психологтар да бұны растайды.  

Түрлі диеталар мен ашығуларға жүгірместен бұрын өзіңіздің ішкі дүниеңіздегі арпалысты қалыпқа келтіргеніңіз жөн.

– Махаббаттың жетіспеушілігі

Бастапқыда балаға ата-ананың махаббаты жетіспеді. Бұл жетіспеушілік есейген шақта да қыр соңынан қалмайды. Әрине, жетіспеушіліктің орнын «аузымыз» арқылы толтырғымыз келеді.

Не істеуге тиістісіз?

Өзіңіз бен тәніңізге махаббатпен қараңыз. Сырттан махаббат іздеп әуре болмаңыз. Айна алдында тұрып, бір уақыт өзіңізді мақтап қоюды ұмытпаңыз.

– Қалыптасқан әдеттер

«Соңына дейін тауысып же» дегенді естіп өскен боларсыз. Ол бірте-бірте әдет болып, қаныңызға сіңіп қалды дейік. Ол сіздің қарныңыз тойғанымен, санаңыздағы «жаман болады» деген ұғымның жеңіп шығуына әкеледі.

Не істеуге тиістісіз?

Аш болмасаңыз, сізді қинауға ешкімнің құқығы жоқ екенін ескеріңіз. Өзіңіз жейтін мөлшерде ғана ыдысыңызға салып алыңыз. Егер ата-анаңыз «же» деп мәжбүрлеп жатса жеміс-жейдек арқылы құтылыңыз. 

– Өміріңіздегі сәтсіздіктерге бола ақталу

Өміріміздегі қара жолақтармен бірге адамның ойын күйзеліс басып алады. Өзіңізді одан алып шығу үшін тоңазтқыштың көмегіне сүйенетін болсаңыз, қазірден бастап одан бас тартыңыз.

Не істеуге тиістісіз?

Қолыңызда бар нәрсеге қанағат тұтып үйреніңіз. Егер үйге келіп бірден ас үйге жүгіретін әдетіңіз болса, үйге тек шаршап, ұйықтар уақытында барыңыз. Оған дейін серуендеңіз, жаяу жүріңіз.

–Қорқыныш

Кейбір адамдар  өзіңе бөлінген артық назарға бола тасаға тығыла жөнеледі. Ол – сіздің әлсіздігіңіздің бейнесі.  Арықтағыңыз келсе, өзгерістен қашпаңыз. Ал , өзгеріс әрдайым адамдардың назарында болады.

Не істеуге тиістісіз?

Өз қорқынышыңызбен бетпе-бет кездесіңіз. Қорқынышыңызды қиялыңызға алмастырыңыз. Ойыңыздағы өзіңіздің сұлбаңызды нақтылап жасап алыңыз.

Іске сәт!

Т. Есқали