Жазғы сән: Макияж

Жазғы сән: Макияж
Фото: dnpr.com.ua

Жазда бетті бояғанда үш қағиданы есте сақтау керек:

1. Жазғы макияж жарқын түстен жасалады,
2. Ұзаққа шыдайтын жеңіл макияж болуы тиіс,
3. Соңғы сән үлгісіне сай болуы қажет.

Көзді бояудан бастайық. Бояудың ішінен көзге арналған қарындаш ұзаққа шыдайды. Көзіңізді қарындашпен бояп, үстінен таза бояу жаққыш қылқаламмен сүртіп шықсаңыз, бұндай жеңіл бояу кемінде сегіз сағатқа шыдайды. Тушь таңдағанда суға төзімдісін алғаныңыз жөн. Көзге арналған сұйық сызықтан жазда бас тартсаңыз, өкінбейсіз. Өйткені сұйық сызық терлеген кезде ағып кетуі мүмкін. Жазда далаптың орнына ерінге арналған жылтырақ таңдаңыз. Ал қалайда далап алам десеңіз, атласпен қапталғанына басымдық беріңіз. Өйткені ондай далап көпке шыдайды. Айтпақшы далапты тоңазытқышқа салып сақтауға болады.

Жазда тоналды кремді қолданбасаңыз жақсы болады. Ал қолданған жағдайда оны теріге аз көлемде жағыңыз. Ұйқыға жатарда бетіңізді түрлі пайдалы шөп салынған сумен жуыңыз. Сондай-ақ жұмыртқадан, орамжапырақтан, қиярдан жасалған маска пайдалансаңыз болады. 

2017 жылдың жазында барынша табиғи, жеңіл макияждармен қатар ашық түсті жарқын бояулар да сәнде болады. Көк түсті көз бояуы мен қып-қызыл далап биыл айрықша сәнде. 

М. Оңғарова