Сән апталығын әрлеген 20 ән

Сән апталығын әрлеген 20 ән
Фото: vk.com

Брижит Бардо, Kraftwerk, Элтон Джон мен Дэвид Боуи. Дизайнерлер таңдаған әндерді тыңдап, олар тым сезімтал халық деген ойда қаласыз.

Сән астаналарында өткізілетін 4 түрлі аптадан тұратын сән айы жақында ғана өз мәресіне жетті. Парижде соңғы көрсетілім болғаннан кейін, жоғарғы сәнге әуес қыздар сол апталықтарда сән бикештер киген киім үлгілерін тамашалап, журналдардың стритстайл айдарларын шарлап отырады.

Өзінше бөлек өнер ретінде мойындалып келе жатырған fashion өндіріске қатысты мақалалар мен суреттер қарап отырған кезде құлақ құрышын қандыра тыңдасын деген оймен соңғы апталықтарда орындалған әндер тізімін жасадық.

Олардың көпшілігі өз уақытында тыңдармандарын тауып, әлем музыка өнерінің алтын қорына еніп үлгірген.

Раф Симонстың Calvin Klein компаниясына жасаған алғашқы көрсетілімінің сәнін келтірген Боуидің This Is Not America әні апталыққа жиналғандардың жүрегін баурап, бақилық болған дарынды естеріне тағы бір мәрте түсірді. Мишель Гобердің Chanel көрсетіліміне, сән әлемінің ең танымал диджейі Фредерик Санчестің Louis Vuitton, Prada мен Miu Miu көрсетілімдеріне арнаған тректері көпшілік көңілінен шықты.

Әсіресе, Нью-Йорк пен Лондондағы сән апталықтарында әлем мойындаған хит-композициялар орындалды: Stella McCartney модельдері Джордж Майкл әндеріне билесе, Канье Уэст топтамасын ұсыну барысында J. Holiday-дің 2007 жылғы Bed хиті орындалды. Ал, Tommy Hilfiger Стелла Мванги әндерін таңдапты.
Сән апталығының соңғы нүктесі Париж қаласының төбесінен рок-н-ролл музыкасы салтанат құрып тұрды.

А. Оралқызы