Дизайнерлер мен бренд атауын дұрыс оқыңыз

Дизайнерлер мен бренд атауын дұрыс оқыңыз
Фото: vilingstore.net

Жаңадан киім немесе белгілі бір тұрмыстық бұйым сатып алған кезде жағасында, киім бедерінде тұратын атауларға көзіңіз түсті ме, аталған әріптерді оқу қиындық тудырған жағдайлар болды ма? Әрине, болады. себебі біз әр брендті өзімізге оқып көреміз. Бірақ бұл дизайнерлердің өзіне және өніміне жасалған құрметсіздік деп түйіңіз. Сондықтан дұрыс жазып, дұрыс оқыңыз, ол үшін біз сізге дайын ақпарат дайындап қойдық.

Philipp Plein – (Филипп Пляйн) – бұл дизайнер Германияда дүниеге келген. Оның атын дәл осылай оқыған дұрыс. Себебі ол өзінің атын ағылшын дыбыстарына негізделіп емес, немісше оқығанын қалайды. Мәселен ағылшын тілінде Plein – «Плейн» болып оқылады.

Дизайнер Nicolas Ghesquière, өзінің атын Николья Жескьер деп атауын айтып келеді. Себебі БАҚ өкілдері ол туралы ақпарат берген кезде Николя Гескьер деп атайтын көрінеді. Ал оның Louis Vuitton бренд өнімін «Луи Вьюттон» немесе «Луи Вуиттон» деп емес, «Луи Виттон» деп атауын талап етеді.

Белгиялық дизайнер – Ann Demeulemeester өзінің атын Анн Демельмейстер деп атауын қалайды. Оның атының тура мағынасында аталуы үлкен мәнге ие.

Танымал «Lanvin» үйі «Ланван» деп оқылады. Дұрыс оқыңыз, себебі француз тілінде бұл сөздің өзіндік орны бар. Ал журнал беттерінде немесе аудармаларда оны «Ланвин» деп жазады, оқиды. Бұл – қате. Альбер Эльбаз – аталған танымал брендтің иегері.

Marchesa танымал брендін италияның өзі тіліне сай «Маркеза» деп оқу дұрыс. Себебі оның ағылшын тілдегі баламасы «Марчеза» бұл бренд ұжмының шамына тиеді. Олай болуына себеп, Marchesa атауын олар, италиялық аристократ Луиз Казатидің құрметіне берген.

Осы секілді Moschino – «Москино» деп оқылады.

Hermes – «Эрмес» деп оқылады, бітті. Гермес атауы ежелгі грек мифологиясына тән байлық пен кіріс деген сөзден шыққан. Оның «Эрмэ» деп оқылуы да дұрыс. Бірақ көптеген атаулар мен брендтердің өзіне тән тарихы және транскрипиясы болғаннан кейін заңдылықты сақтау керек.

Elie Saab – «Эли Сааб» деп оқылады. Айта кету керек, ливандық дизайнердің атауын қарап оны әйел деп қалмаңыз, ол ер адам.

Франциялық Thierry Mugler  – «Тьери Мюглер» деп оқылады. Қиындығы жоқ.

Америкалық бренд – Proenza Schouler «Проэнза Скулер» деп оқылатынын ұмытпаңыз.

Balenciaga бернді «Баленсиага» деп айтылады.

Ағылшын тілін қолданатын елдерде Balmain  атауы «Балтмейн» деп оқылып жатады. Бірақ оның төл атауы және оқылуы «Бальман,  ескеріңіз. 

М. Ақан