Тарақ таңдай білесіз бе?

Тарақ таңдай білесіз бе?

Кез келген шашты, сәндеп әдемілеуге болады. Ол үшін тарақты шашыңыздың түріне қарай таңдап алуыңыз керек.

Жұмсақ шаш. Ұзын шашты жіберіп қоятын шаш үлгісі қазір де сәнді көрінеді. Ондай шашты кез келген тарақпен тарауға болмайды. Оны бір жағы жазық тарақпен тараған абзал. Басты жуғаннан соң фенмен жартылай кептіріп, тарақпен ұзыннан тарап тұрып кептірсе, пішіні жақсы сақталады.

 

"Боб" шаш үлгісі. Аталмыш шаш пішінін тарау үшін ептілік қажет. Оны арнайы тарақпен тараған абзал. Жартылай дөңгелек келген тарақ осындай шаш үлгісіне сәйкес келеді. Тарағанда шаштың ұшын қолмен ішке қарай баса отырып, тараған жөн. 


Түйілген шаш. Жоғары түйілген шаш жоғары талғам көрсеткіші. Мұндай шаш үлгісін тісі ұзын тарақпен тарап сәндейді. 


Ұзын бұйра шаш. Қыз-келіншектер ұзын бұйра шашты тарарда, тісі алшақ орналасқан үлкен тарақ қолданғаны жөн. Ол шаштың бұйрасын сақтай отырып тарайды. Шаштың сәні ұзақ сақталсын десеңіз, арнайы сұйықтықтар қолдану керек.


Көлемді шаш. Жұқа шашты сәнді ету үшін қашанда кері түтіп тарауға тура келеді. Оған дөңгелек тарақ қажет. Кекілі бар қыздарда ондай тарақтың үлкен және кіші түрі болғаны дұрыс. Кішісімен кекілін әдемі етіп жатқызса болады.



Толқынды қысқа шаш. ХХ ғасырдың 30-жылдары сәнді болған толқынды қысқа шаш бүгін де өте кең тараған. Мұндай шашқа гель жағып, бір жағының тісі жиі, екінші жағының тісі алшақтау тарақпен тарайды.


Суреттер ladywave.ru, whitepuppywhite.blogspot.com, grafplus.com, artway.by сайттарынан алынды.