Көбелекті тәж тағар ма едіңіз?

Көбелекті тәж тағар ма едіңіз?
Фото: boredpanda.com

Сән әлеміне тағы да бір табиғат бөлшегі қосылды. Адамзат баласы Табиғат анадан шабыт алатыны белгілі. Бұл жолы сәнгерлер гүлдерді емес, көбелектерді әшекейлерге бейнелеуді жөн көріпті. Қарапайым шашқа тағатын әшекейге (ободок) көбелек бейнелерін жұмсақ сыммен қадап, мынадай әдемі тәж жасаған.

Олардың айтуынша мұны сатып алудың да қажеті жоқ екен. Бар болғаны шашқа тағатын әшекей, крахмалға малынған көбелек бейнесі және жұмсақ сым керек. Ендеше, байқап көріңіздер.

Г. Берік