Сән-2016: Әйнекті маникюр

Сән-2016: Әйнекті маникюр
Фото: divashop.vn

Күтімді тырнағымен әйел адам өзін батылырақ сезінеді. Ерекше маникюр адамдардың зейінін аудартатыны анық. Қазіргі кезде трендте болу үшін nail art сферасындағы сәнді тенденциялармен таныс болу жеткілікті. Айрықша маникюрді маманға жасатқан дұрыс, алайда ақшаңызды үнемдегіңіз келсе, үй жағдайында да ерекше маникюр жасауға болады. Бүгінгі материалда әйнекті маникюр (Glass Nails) туралы айтатын боламыз. 

Қазіргі сәнді тенденция табиғилыққа келе жатқанымен, кешкі шараларда өте ашық түсті әрі ерекше маникюрлер кездесіп жатады. Сондай кештерге арналған маникюрдің бірі – әйнекті маникюр. Мұндай маникюр барлық жастағы әйел адамдарға жарасады және қандай ұзындықтағы тырнақ болса да келе береді. Тырнақта сынған әйнекті білдіретін арнайы жапсырмаларда сатылады. 

Әйнекті маникюрді үй жағдайында жасау

Әйнекті маникюрді үй жағдайында жасау үшін негіз, лак, бекіткіш, голографиялық целлофан (фольга, түсті фольга), қысқыш (пинцет) қажет. Алдымен тырнаққа негізді (базовое покрытие) жағасыз. Содан соң түсті лак жағыңыз. Лак кеуіп кетпей "әйнек сынықтарын" (фольга қиындыларын) қойыңыз. Фольганың қисық жерлерін тегістеңіз. Тырнағыңызды соңғы қаптамамен қаптаңыз. Маникюр ұзақ сақталуы үшін түссіз гель-лакпен немесе қарапайым түссіз лакпен бояйсыз. Әйнекті лак көзтартарлық әрі қымбат көрінуі үшін негізгі лактың түсі қою (қара көк, қара, қанық қызыл, күлгін) болғаны жақсы. 

А. Жапатова