Кешке арналған шаш үлгісі

Жазғы кеште серуенге шыққанда шашыңызды тез әрі сәнді етіп жинағыңыз келсе, Massaget.kz қыздары сіздерге мынадай шаш үлгісін ұсынады. Екі өрім әдісімен оңай өрілетін шаш үлгісі мерекелік кештерге де жараса кетеді. Ол үшін сізге тарақ пен екі кішкентай резеңке және қыстырғыштар керек. Олай болса, сәттілік!

Шашты екіге бөлеміз де, сол жағының алдынан бастап, екі өрім әдісін бастаймыз.

Алғашқы өрімді бастаймыз.

Одан кейін кезек-кезек астыңғы шаштан ала отырып өреміз.

Мынадай әдемі өрім пайда болады.

Ұшын кішкентай резеңкемен буып қоямыз.

Өрімді қыстырғышпен бекітеміз.

Шаштың екінші бөлігін де алғашқы үлгідегідей етіп өріп шығамыз.

Бұл үшын резеңкемен бекітпесек те болады.

Екі өрімді біріктіріп, жылан (немесе бидай) өрім үлгісімен өреміз.

Өрімнің ұшын резеңкемен бекітіп, арасын "ашамыз".

Барлық өрімнің арасын ашамыз.

Міне, шаш үлгісі дайын! Қандай атау қойсақ болады?