Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Сән / Жаз мезгілінде ақ пенжакты немен киеміз?

Жаз мезгілінде ақ пенжакты немен киеміз?

Жаз мезгілінде ақ пенжакты немен киеміз?

Ақ пенжак — жазғы киімдердің барлығымен үйлесетін сырт киімнің бірі. Ақ пенжакты жазда немен киюге болатыны жөнінде бірнеше идея ұсынамыз.

Ақ пенжак — әрқашан өзіңізбен бірге алып жүретін орны ерекше киім. Ол ауа райы лезде өзгергенде және кеңсе жағдайында салқындатқыштан (кондиционерден) немесе жел соғудан құтқарады. Оның кең тұратын және өте қарапайым түрін таңдағын жөн. Ендеше, ақ пенжакты немен киеміз?

Бойфренд джинс шалбары

Ақ пенжакты тіке джинс шалбарымен үйлестіру — ең қарапайым әдістің бірі. Бұл жағдайда киім үлгісін жарқын ететін – аяқ киім. Кроссовка кигенде, «спорттық сән» пайда болса, туфлимен немесе өкшесі бар жеңіл аяқ киіммен кисеңіз, киім үлгіңіз бірден сәнді әрі іскерлік болып шығады. Ақ пенжакты клеш джинс шалбарымен де киіп, өте сәнді киім үлгісін шығаруға болады.

Шорты

Шортыді тізенің үстінде тұратын түрін таңдаңыз. Ол джинс, былғары немесе басқа да матадан жасалған болуы мүмкін. Шорты мен ақ пенжакты көлемді сөмкемен толықтырыңыз.

Жіңішке шалбар

Егер пенжактың үлгісі кең тұратын болса, оны өте жіңішке шалбарлармен үйлестіруге болады. Бұл киім үлгісіне кең жиекті қалпақ пен кішкене өкшесі бар жеңіл аяқ киімді қоссаңыз, өте әдемі жазғы үлгі шығады.

Ақ киімдер

Жазда ақ total look үлгісін жасауға болады. Ақ пиджакты кез келген ақ киіммен үйлестіріңіз.

Көйлек

Көйлек — бойжеткендердің нәзіктігін айқындайтын киім. Шағын қара көйлектің сыртынан ақ пенжак киюді атақты Коко Шанельдің өзі ұсынған. Пропорция бұзылып кетпес үшін пенжактың ішінен киген көйлектің тіке болғаны жақсы.

«Гүлді» белдемше

Ақ пенжак пен гүлді принті бар белдемше жақсы үйлеседі. Қарындаш белдемше мен ақ пенжак киім үлгіңізді айқын әрі сәнді ете түседі.

Дайындаған: Ақтоты Жапатова
Фото: www.aliexpress.com
Қосылған күні: 21 маусым 2016, 13:26

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.