Асыл тастар: Авантюрин

Асыл тастар: Авантюрин
Фото: livemaster.ru

Ежелден бері адамзаттың табиғатпен және тастармен байланысы бар екені белгілі. Тасты дұрыс таңдай білсеңіз, кей аурулардың алдын алып, емделуге де болады. Асыл тастардың түрлері және олардың пайдасы туралы жеке тоқталуды жөн көрдік. Ендеше, бүгінгі материалда авантюрин тасының ерекшелігі мен адам денсаулығына пайдасы туралы білетін боламыз.

Авантюрин — ол түрлі түсті слюда (минерал түрі) қосылған ақ, алқызыл, қызғылт сары, қызыл-қошқыл немесе жасыл түсті кварцит (цементтеліп қалған кварц құмды таужыныс). Авантюрин қуанышты, бақытты көңіл күй сыйлап, жан сергектігі мен айқын ойлауды сақтауға көмектеседі. Авантюринді махаббат тасы деп санайды. Ол сол сезімді қорғайды.

Бұл тас «aventura» итальян сөзінен аударғанда «бақыт», «қызықты оқиға» дегенді білдіреді. Тасты қозғағанда жылт-жылт еткен «ұшқындар» байқайсыз. Көркем жылтырлары бар мұндай тастар мыс кристалдары бар әйнекті еске түсіреді.

Ең жақсы авантюрин тастары Австрияда, Ресейде, Бразилияда және Үндістанда (жасыл авантюрин) кездеседі. Алғаш рет бастапқы көк түсін сақтап қалған авантюрин Австрияның Зальцбург аймағынан табылған. Испаниядағы Кап-де-Гата қызғылт-қоңыр авантюриннің туған жері болып саналады. Жасыл авантюрин Үндістаннан табылған.

Емдік қасиеті

Авантюринді емдік мақсатта білекке немесе мойынға тағады. Авантюрин тасын аллергия, бронх қабынуы, жүрек-қан тамырларының ауруларымен күреседі және қысымды төмендетіп, жарақат орнының жылдам жазылуына көмектеседі деп санайды. Шығыста авантюринді массаж тастары ретінде қолданса, жүйке жүйесін тыныштандыруға және көз көруін жақсартуға көмектеседі делінеді.

Сиқырлы қасиеті

Бұрында авантюринді ай күшімен тікелей байланысты деп санаған. Ай адамға әртүрлі әсер етеді. Біріншіден, ол тұрған фазаға (өсуші, толық, азаймалы, күңгірт) байланысты және екіншіден, адамның астрологиялық мінездемесін (жылы, туған айы, жұлдыз жорамалы) қосқанда оның типі мен мінезіне байланысты болуы мүмкін. Сондықтан авантюрин өз иесіне қалай әсер ететіндігі туралы екі қарама-қайшы пікір бар. Біреулер минерал құмар ойындарға көмектеседі, бірақ оны теріс пайдаланушылық кезінді өте үлкен материалдық шығынға әкелуі мүмкін десе, басқалары, авантюринді «таза махаббат тасымалдаушы» деп сеніп, ол иесін сүйіктісіне қосады деп ойлайды.

Авантюринді Жер және Су белгісінде (Шаян, Балық, Тауешкі, Торпақ, Бикеш) дүниеге келген адамдарға тағу ұсынылады. Ал От белгісінде (Тоқты, Арыстан, Мерген) туылған адамдарға бұл тасты тіптен тақпаған жөн. 

А. Жапатова