Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Сән / Сән-2016: Той көйлектері

Сән-2016: Той көйлектері

Сән-2016: Той көйлектері

Өзіңіз немесе құрбыңыз тойға дайындалып жүрсе, аса маңызды кезең – той көйлегін таңдау. Бүгінгі материалда 2016 жылы басты трендте болатын той көйлектері туралы білетін боласыздар. Сәнмен киіну міндетті емес, бастысы көйлектің сізге жарасымды болуы екенін ұмытпаңыз. Бұл материалдан өзіңізге керегін түртіп алып, той көйлегін таңдауда кей бөлшектерді (деталь) ескересіздер деп ойлаймыз.

Мөлдір сүйреткі (шлейф)

Егер тойда барлық зейін сізде болғанын қаласаңыз, сүйреткісі бар той көйлегін таңдаңыз. Ол нәзік көрінуі үшін түсі мөлдір, түссіз болғаны дұрыс. Шағын той өткізетін болсаңыз, сүйреткі алудың қажеті жоқ. Сүйректісін шешіп тастауға да, тағуға да болатын түрін алып, фотосессияда киіп, той кезінде шешіп тастасаңыз да болады.

Қауырсын

20-шы жылдардың сәнді киімдерін ұнататын болсаңыз, қауырсыны бар той көйлегін таңдаңыз. Мұндай киім үлгісі көлемді әшекейлермен жақсы үйлеседі.

Ашық иық

Иығы ашық көйлектер 2016 жылдың сәнді трендтерінің бірі екенін жазғанбыз. Сол тренд той көйлектеріне де жетті. Иығы ашық көйлекті жаз мезгілінде өтетін тойға сәйкес келеді.

Қысқа жең

Бұл тенденция көйлектің жалпы үстіңгі жағы жинақы болуына негізделген. Көйлектің үстіңгі жағын жинақы ете отырып, оны страз тастармен және басқа да бұйымдармен безендіріп, айқын көрсетуге болады. Мұндай көйлектер жазда тұрмысқа шығатын немесе ұзын жеңді көйлектерде өзін ыңғайсыз сезінетін бойжеткендерге арналған.

Ірі гүлдер

Гүлді принт қай уақытта болмасын нәзік бойжеткендердің киім үлгісінен табылатын тренд. Енді бұл трендті той көйлектеріне де қолдана бастады. Той көйлектерінің тек етегі немесе көйлек толықтай гүлмен безендірілген түрлері кездесіп жатады.

Шаш әшекейі

Әдемі диадемалар мен ықшамды қыстырғыштар — 2016 жылғы басты трендтерінің бірі.

Қоңырау жең

Егер сізге жеңсіз немесе өте қысқа жеңді көйлектер ұнамаса, қолыңыз үлкен болса, дизайнерлер қоңырау тәрізді жеңді ұсынады. Қоңырау жеңнің шілтерден жасалған түрін таңдасаңыз, нәзіктігіңізді аса айқындай түседі.

Арқадағы бант

Егер ерекше бұйымдарды ұнатып, оларды барлық киім үлгіңізге қосуға тырыссаңыз, осы той көйлегін байқап көріңіз. Дизайнерлер жинақы көйлектің артына бант бекітілген түрлерін ұсынып жүр.

Дайындаған: Ақтоты Жапатова
Фото: amur.kz
Қосылған күні: 02 маусым 2016, 11:52

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->