"Бойфренд" шалбарын кию әдістері

"Бойфренд" шалбарын кию әдістері
Фото: amur.kz

"Бойфренд" джинс шалбары — ыңғайлы және әмбепап киімнің бірі. Мұндай шалбармен сәнді көріну үшін оны көктем-жаз мезгілінде немен кию керек екеніне тоқталайық. 

Сөмке

Қарапайымдылық — заманауи және стильді киім үлгісінің синонимі. Кез келген джинс шалбары қарапайым киімдермен жақсы үйлеседі. Киім үлгісін ерекшелегіңіз келсе, жақсы, айқын сөмке таңдаңыз. Егер сіздің киім таңдауға уақытыңыз болмаса, осы үлгіні киіңіз.

Сізге қажет:

- "Бойфренд" джинс шалбары;
-  Ақ майка (жазуы бар немесе жоқ түрін таңдау өз қалауыңызда);
-  Ақ кроссовка немесе ақ слипондар;
- Әсерлі сөмке. 

90-шы жылдар стилі

Белі жоғары тұратын джинс шалбары бірнеше жыл қатарынан дүкен сөрелерінен түспей келеді. Егер сізге 90-шы жылдардағы стильдің сәнге қайта оралуы ұнаса, онда сіз осы киім үлгісін ойланбай-ақ таңдауыңызға болады. 

Сізге қажет:

- Белі жоғары "бойфренд" шалбары немесе mom-jeans;
- Артық детальдері жоқ қысқа топ;
- Бауы бар жеңіл аяқ киім;
- Шағын сөмке. 

Оверсайз

Ер адамдар стиліндегі және бос тұратын жейделер де сәннен шықпайтын классика саналады. Кең тұратын жейдені жыртық "бойфренд" шалбарымен үйлестіріп киюге болады. Жейдені өз қалауыңыз бойынша, шалбардың ішіне салуға немесе бос жіберіп қоюға да болады. Бұл киім үлгісін былғары күртемен, күміс әшекеймен және қалпақпен толықтырса да болады. 

Сізге қажет:

- "Бойфренд" джинс шалбары;
- Ер адамдар стиліндегі көк жейде;
- Жеңіл аяқ киім немесе кроссовка. 

Қабылан стилі

"Аңдар" принті өз бағытынан таймай келеді: осы жазда жолбарыс, зебра және қабылан киімдер сәнде болады.  Егер сіз киім үлгісінде қандай да акцент болғанын қаласаңыз, осы киім үлгісін таңдаңыз. 

Сізге қажет болады:

- "Бойфренд" джинс шалбары;
- Жолақ киім;
- Кең тұратын пиджак;
- Шағын сөмке немесе клатч;
- Қабылан аяқ киім;
- Ретро стильдегі күннен қорғайтын көзілдірік. 

Жалғасы бар...

А. Жапатова